Маңғыстауда көлік өртеніп, бір адам қаза болды
Салдарынан оқиға орнында УАЗ жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды.
06.08.2022 06:34
950
Маіңыстау облысындағы Жетібай-Шетпе тас жолында көлік өртенді. Бір адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды, - деп хабарлайды EL.KZ.
Маңғыстау облысы ПД-ның хабарлауынша, «УАЗ» көлігінің жүргізушісі Шетпе ауылы бағытында келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, «Тойота Прадо» көлігімен соқтығысқан.
Салдарынан оқиға орнында УАЗ жүргізушісі алған жарақаттарынан көз жұмды. Тағы бес адам түрлі дене жарақаттарын алған. Олардың барлығы облыстық ауруханаға жеткізілді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Жалған шот-фактура жасағандар сотталды
Келесі жаңалық
Астанада Желтоқсан мен Кенесары көшелерінің қиылысы жабылады