Маңғыстау облысында айлық жауын нормасы бір тәулікте жауған
Бұл туралы Қазгидромет хабарлады
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com
28.07.2022 13:52
2292
Маңғыстау облысының батыс аумағында 28 шілдеде 1-13 мм жаңбыр жауған. Қазгидрометтің мәліметінше, бұл айлық жауын нормасына сәйкес келеді,– деп хабарлайды El.kz.
Ақтау қаласында да жауын нормасы айлық жауын нормасымен тең келеді.
Жаңбыр кешкі сағат 23:00 шамасында басталып, 06:00-ге дейін толассыз жауған.
28 шілде күні сағат 08:00-ден бастап 10:00-ге дейін тағы жауған. Қала көшелерінен су сорылып жатыр.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақстаннан шет елдерге көлікпен көмір әкетуге тыйым салынбақ