Маңғыстау облысының тұрғынынан 200-ге жуық киік мүйізі табылды
21.08.2022 01:32
1335
Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында 198 дана киік мүйізін сақтаған тұрғын ұсталды, деп хабарлайды El.kz.
41 жастағы ер адам мүйіздерді Бейнеу ауданы Ақжігіт ауылында өз үйінің қорасында сақтаған.
«18 тамызда Бейнеу аудандық полиция қызметкерлерімен бірге жоспарға сай «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде бейнеулік тұрғыннан 2 қапқа салынған 198 дана киік мүйізі табылды. Ол мүйіздерді сатып алғанын айтып отыр», – деді «Қызылсай» мемлекеттік өңірлік табиғи паркінің директоры Мыңберген Қаратауов.
Аталған факт тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбе облысында газ бағасы белгіленді
Келесі жаңалық
Елордада пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді