Жаңалықтар

Маңғыстау облысының мұғалімдері мектеп медиациясының негіздерін меңгерді

Маңғыстау облысының мұғалімдері мектеп медиациясының негіздерін меңгерді
24.12.2019 11:43 2108

«Мектеп – даусыз аймақ» республикалық пилоттық жоба аясында 2019 жыл бойы Маңғыстау облысының екі қаласы мен бес аудан орталығында медиацияны оқыту семинарлары ұйымдастырылды.

Маңғыстау облысының мұғалімдері мектеп медиациясының негіздерін меңгерді

Оның барысында білім саласының қызметкерлеріне мектеп медиациясының негіздері бойынша толық ақпарат ұсынылды.

Мектеп медиациясы - білім беру процесіне қатысушылар (оқушылар, оқушылар мен ата-аналар) арасындағы дауларды, жанжалды жағдайларды шешуге бағытталған инновациялық әдіс, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық ҚХА.

Сондай семинарлардың бірі Жаңаөзен қалалық коворкинг орталығында өтті. Онда мектеп медиациясының мәселелері жан-жақты талқыланды.

Жібек Ахметова тәрбиешілер арасында «Медиация», «Мектеп медиациясы», «Кәсіби медиатор» және «Кәсіби емес медиатор» ұғымдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Өз кезегінде, Жанар Рахманова жиналғандарға өзінің кәсіби медиатор ретіндегі тәжірибесімен бөлісіп, бірнеше нақты мысал келтірді.

Қатысушылар арасында ақпараттық материалдар үлестірілді. Семинар модераторлары қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оларды татуластыру қызметімен тығыз байланыста болу үшін тегін оқудан өтуге шақырды.

Шара соңында барлық қатысушыларға тиісті сертифкаттар табысталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға