Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері соғыс ардагерлеріне атаулы әлеуметтік көмек көрсетті
09.01.2019 04:34
2008
Қазақстан халқы Ассамблеясының халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған «Қайырымдылық керуені» қайырымдылық іс-шаралары аясында Маңғыстау облысының этномәдени бірлестіктері бірлесіп Екінші дүниежүзілік соғыс және тыл ардагерлерін жаңажылдық мерекелерімен құттықтады.
Атап айтқанда, өзбек, осетин, еврей, шешен және ингуш, қырғыз, корей, неміс, белорус этномәдени орталықтары мен Маңғыстау облыстық ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығы жиырмаға тарта соғыс және тыл ардагерлеріне қонақта болып, жаңажылдық мерекелерімен құттықтап, атаулы әлеуметтік көмек көрсетті, оның ішінде танометр медициналық құрал-жабдығын табыс етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлем чемпионатындағы сәтсіздік пен сәттілік