Жаңалықтар

Мақал – сөздің мәйегі

Мақал – сөздің мәйегі
29.09.2014 07:12 50544

Мақал – сөздің мәйегі

Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзiмен бiрге жасалып, екшелiп, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетiнiң бай саласының бiрi – мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдер қай халықтың да жан-дүниесiнiң, мiнез-бiтiмiнiң, тыныс-тiршiлiгiнiң айнасы, ол сол халықтың сөздiк қорының байлығын танытып қана қоймайды, оның уақыт озған сайын құны артпаса арзымас қазына екенiн де сездiрер белгiсi. Кез-келген халықтың даналығы мен рухы сол халықтың мақал-мәтелдерiнде анық көрiнiс беретiнi ертеден мәлiм. Ал басқа халықтың мақал-мәтелдерін бiлiп, түсiну – бұл сол халықты жақсы тануға көмектесiп қана қоймай, сонымен қатар олардың ой-бейнесiн және мiнез-құлқын түсiнуiне көп үлес қосады, дәнекер болады.
Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ендеше қазақ жерін мекен етіп келе жатқан өзге ұлт өкілдерінің мақал-мәтелдерімен таныс болайық:

Ассириялықтардың мақал-мәтелдері
• Сүзеген сиыр табынға сыймайды.
• Өз үйімде өзім падиша.
• Әр ылдидың бір өрі бар.
• Ащыны жеп көрмеген, тәттінің дәмін сезбес.
• Тоя ұйықтағанның түсіне тажал енеді.

Грузин мақал-мәтелдері
• Байлық – Құдай алдындағы, кедейлік – адамдар алдындағы күнә.
• Үлкен желкенді күшті жел ғана кере алады.
• Арқанның ұзыны, сөздің қысқасы жақсы.
• Шарап ақыл мен қазынаңды алады.
• Ағаш – тамырымен, адам – достарымен мықты.
• Жылы сөз темір қақпаны да ашады.
• Білім – ақшадан қымбат, қылыштан өткір, зеңбіректен күшті.
• Жыланның сырты, адамның іші ала.

Дағыстан мақал-мәтелдері

• Бір қолмен екі қарбызды ұстай алмайсың.
• Желмен жеткен желмен кетеді.
• Ер екі айтпайды.
• Көп сөйлеген көп қателеседі.
• Папаха кигеннің бәрі еркек емес.

Қалмақ мақал-мәтелдері

• Соқырлардың елінде көзіңді жұм, ақсақтардың елінде аяғыңды жина.
• Тау сұңқары тауға ұшады, ақылды әкенің баласы мәтелдеп сөйлейді.
• Өмірдің – ұзыны, отырыстың – қысқасы жақсы.
• Теңіз ұлы – кеппейді, халық ұлы – өлмейді.
• Судың бастауы – қайнар, халықтың бастауы – туыстар.

Қарашай-балқар мақал-мәтелдері

• Тау басында бәрі тең.
• Таспен ұрғанды аспен сыйла.
• Кабардиндіктің қонағы ашықпас.
• Алыстан келген қонақ туысыңнан қадірлі.
• Ақылды болу жас талғамайды.

Қырғыз мақал-мәтелдері

• Ер шекіспей, бекіспейді.
• Өз ауылында иттің құйрығы қайқы келеді.
• Ата-анаңды қадірлесең – ұлыңнан құрмет көресің.
• Байысаң – мақтанба, кедейшілікте – күйінбе.
• Ауру кетеді, әдет қалады.

Корей мақал-мәтелдері

• Ескісіз жаңа жоқ.
• Қызыл белдемше тоздырғанша, әйеліңді алақаныңда ұста (қызыл белдемше – корей қыздарының ұзатыларда киетін ұлттық киімі).
• Аяғыңды жамылғыңа қарай соз.
• Қыран қартайса да, қырғауылды қуып жетер шамасы болады.
• Өгізше жұмыс істе, тышқанша тамақ же.

Күрд мақал-мәтелдері

• Үйдің еңсесінен байлығы білінеді.
• Қайырымды жүрек қартаймайды.
• Егер ұлыңды адам еткің келсе, бақташылыққа бер, бірақ малға айналып кетпес үшін үйге қайтаруға асық.
• Сұлу әйел қимылынан белгілі.
• Әлем – раушан гүлі: иіске де өзгеге бер.
• Әрбір көз тамшысынан бір жымиыс бар.
• Мен өзіммен санасқанның құлымын, санаспағанның қожасымын.

Неміс мақал-мәтелдері

• Бетке басылған айып – ағашқа қадалған балтадай.
• Махаббаттың екі қызы бар: мейірімділік және шыдамдылық.
• Ескі махаббат кепкен отын сияқты: тез тұтанады.
• Жаңа махаббаттың самалы соқса, ескіні тот басады.
• Күштеп таңылған махаббатты бояуға бөккен сұлулық та құтқара алмайды.
• Махаббат уақытты, уақыт махаббатты өлтіреді.
• Көз – махаббаттың есігі.
• Ақыл мен сұлулық – екі түрлі егістің өнімі.
• Әйелсіз еркек – денесіз бас, еркексіз әйел – бассыз дене.
• Үйлену тойы неғұрлым ертерек болса, махаббат та соғұрлым ұзағырақ болады.
• Қызыңды қолға алуды шешесінен баста.
• Әйелдің жүрегін жаралаған жайт – еркектің терісін ғана жыбырлатады.
• Әйелдер көз жасы мен күлкіні бір әмияннан алады.

Татар мақал-мәтелдері

• Батыр өзі үшін туады, елі үшін өледі.
• Тіпті, ең жақсы деген ененің даусы қарғаның қарқылына ұқсайды.
• Алыстағы күн қаттырақ қыздырады.
• Шыдамның түбі – таза алтын.
• Мейірімдінің қайырымы қиын кезде жетеді, зұлымның қастығы әрқашан бастан тиеді.
• Асыл тас жерде жатпайды.
• Бере асың болмаса, адамды сөзбен аяла.
• Көп біл, аз сөйле.

Түрік мақал-мәтелдері

• Қайырымдылықтан қаш – сонда зұлымдықтан да құтыласың.
• Жиналыста тіліңді, дастарханда қолыңды тый.
• Лақтырылған тасты орнынан қайтара алмайсың.
• Капитаны екеу болса, кеме суға кетеді.
• Ұрыс-керіссіз үй – думансыз тойдай.
• Аз жеп, көп алғыс айт.
• Әр кештің артынан таң келеді.
• Көп білген көп қателеседі.
• Биік ағаштың бәрі кипарис емес.

Түркімен мақал-мәтелдері

• Күліп сөйлеген еркектен без, жыларман әйелден без.
• Бәйтерек бір жерде тұрып көктейді
• Әйелсіз – байлық, ұлсыз – игілік жоқ.
• Еңбек түбі – зейнет.
• Ата-ананың қадірін өзің балалы болғанда білерсің.
• Асыл тұқымды жылқы – сымбатты, ержүрек жігіт – жинақы болады.
• Семіздікті қой ғана көтереді.

Ұйғыр мақал-мәтелдері

• Бауыр тату болса – ат көп, қарындас тату болса – ас көп.
• Доссыз бас – тұзсыз ас.
• Шебер қол аш қалмайды.
• Әрбір құс өз ұясына ұшады.
• Жақсы алқапқа төгілген су зая кетпес.
• Туған жер – алтын бесігің.

Украин мақал-мәтелдері

• Отау құрған қыз сәнді.
• Ұрысқақ әйелден қартайсаң, мейірімдіден жасарасың.
• Сұлулық – неке тәжін кигенше, ақыл – басың жерге жеткенше.
• Жүрекпен сүйе алмасаң, сөзбен алдай алмайсың.
• Сұлу болып туғаннан бақытты болып туған артық.
• Адам қандай болса, өмірі де сондай болады.
• Қыздың сұлулығы – мамырдағы шықтай-ақ.

Шешен мақал-мәтелдері

• Халық бірлігі – алынбас қамал.
• Екі әйелі бар еркек итті қажетсінбейді.
• Сұлу қыз ескі киіммен де сұлу көрінеді.
• Сұлулық кешке дейін, қайырымдылық көрге дейін.


Дереккөз: Қазақстан халықтарының салт-дәстүрлері. – Алматы, ж.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға