Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты Ақтөбе облысының ҚХА активімен кездесті

Мәжіліс депутаты Ақтөбе облысының ҚХА активімен кездесті
07.02.2019 10:33 2699

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығының» төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Шаймардан Нұрымов Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясында болып қайтты.

Парламент депутаты Достық үйінің жұмысымен танысып, этномәдени бірлестердің кабинеттері мен аймақтағы халықтардың мұражайын аралап көрді.

Кездесуге жиналғандарды депутат Қазақстан халқына Елбасының Жолдауының негізгі тармақтары мен «Ұлы даланың жеті қыры» атты саяси бағдарламасының негізгі бағыттары жайлы түсінік берді.

Өз кезегінде «Коғамдық келісім» ҚММ-нің директоры Бақытгүл Снабаева  мәжіліс депутатын Достық үйінің атқарған жұмыстарымен және алға қойылған жоспарлармен таныстырып өтті. 
Қорыта айтқанда, жергілікті ҚХА активі мен Мәжіліс депутатының қатысумыен өткен кездесуде маңызды мәселелер талқыланып, сындарлы диалог жүргізілді. Тұтастай алғанда қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ой-пікірлер ортаға салынды. 

Одан кейін облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының мәжіліс залында «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның өңірлік штабы Парламент депутатымен кездесу өткізді. Оған штаб белсенділері мен облыс жастар активі қатысты.
Кездесу барысында жастарға қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Жастар жағы жоғары мейманды «Жаңғыру жолының» қызметімен егжей-тегжей таныстырып өтті. Ең үздік сұрақ қойған екі студентке депутаттың қол таңбасы қойылған кітап тарту етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға