Жаңалықтар

М.Споткай: Сайлау арқылы жастар Тұңғыш Президентіміздің аса көрнекті рөлін мойындап отыр

М.Споткай: Сайлау арқылы жастар Тұңғыш Президентіміздің аса көрнекті рөлін мойындап отыр
14.06.2019 09:49 3212

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың ант қабылдау рәсімінде көтерген ұтымды бастамалары мен алға қойған міндеттерін жүзеге асыру мақсатында өткізілген кеңейтілген отырыста ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы Максим Споткай сөз сөйледі.

М. Споткай Қазақстанның даму жолындағы жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын айта келе, 9 маусымда өткен кезектен тыс Президент сайлауында қазақстандықтардың басым бөлігі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа дауыс бергенін атап өтті.

«Сайлау арқылы Қазақстан халқы, әсіресе жастар, қазіргі таңда бүкіл әлем құрметтейтін тәуелсіз еліміздің құрылуындағы Тұңғыш Президентіміздің аса көрнекті рөлін мойындап отыр. Бұл сайлаудың нәтижесін Елбасына көрсетілген зор құрметпен, оның саясатына деген сенім деп қабылдауға толық негізі бар», – деді М. Споткай.

IMG_6396.jpg

Сонымен қатар ол сайлауалды кампания барысында республикалық штаб мүшелері түрлі саланың мамандарымен жүздескенін мәлімдеді. Бұл кездесулерде Қ. Тоқаевтың бағдарламасы қолдау тауып, әлеуметтік, экономикалық, саяси жүйелерді жаңғыртуға бағытталған бағдарламаны қолдайтындарын сайлаушылар өз дауыстарын беру арқылы байқатты.

«Қасым-Жомарт Кемелұлы мықты Президент, ықпалды Парламент және есеп беруге міндетті Үкімет болуы тиістігін нақты айтты. Ол қоғамдағы түрлі пікірлерді және мемлекеттегі түйінді мәселелерді зерделеу үшін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құруды ұсынды. Бұл ішкі саяси ахуалдың жақсаруына, қоғамның демократиялануына және сабақтастықты, әділеттілік пен өрлеуді іске асыруға септігін тигізеді», – ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасы.

Спикер құрылатын Ұлттық кеңес жастар мәселесін шешуге көмектеседі деген сенімін білдірді. Бұл кеңестің құрамына әлеуметтік түйткілдерді жетік білетін жастардың енуі – өте маңызды қадам.

«Жастар – алдағы реформалардың негізгі қозғаушы күші, деді сайланған президент. Сондықтан «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, бүкіл Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары осы Кеңестің аясында белсенді жұмыс істеуге дайын. Сондай-ақ біз ұлықтау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан он басым бағыт бойынша атқарылатын істерге бір кісідей атсалысуға да әзірміз», – деп сөзін қорытындылады М. Споткай.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға