Мәсімов ісі. Самат Әбіш куәгер болды
ҰҚК мәліметінше, ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық ісі бойынша Самат Әбіш куәгер
30.07.2022 00:40
1472
ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша және істің басқа да айыпталушылардың ісі бойынша тергеуден өтті, - деп хабарлайды EL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Сондай-ақ, ҰҚК мәліметінше, ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық ісі бойынша Самат Әбіш куәгер.
Әбіш Қ.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Осиповке және басқа да 175-баптың 1-бөлігінде, 179-баптың 3-бөлігінде, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағында, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде жауап алынды. С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді Ұлттық қауіпсіздік органдары тіркемеді, бұлтартпау шарасы таңдалмады, - деді ҰҚК баспасөз қызметі өкілдері.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
23 млн теңге тұратын қоқыс жәшігі