Жаңалықтар

Мұнайды заңсыз сатқан қарағандылық сотталды

Мұнайды заңсыз сатқан қарағандылық сотталды
Фото: gov.kz 15.06.2022 16:20 1416

Мұнайды заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу фактісі бойынша Қарағанды облысының тұрғыны сотталды, деп хабарлайды El.kz Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«С.В. Шмидт өз үйінің аумағындағы гаражда құжатсыз мұнай өнімдерін сақтау және өткізу үшін үш цистернаны пайдаланған. 2021 жылы ол дизельдік отынды тасымалдауға және өткізуге арналған жүк-жолаушы типті көлікті қайта жөндеуден өткізген. Көлікке әрқайсысының көлемі 1 000 литр болатын екі цистерна орнатылған», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу» туралы Заңының талаптарын бұзған. Мұнай өнімдерін заңсыз сатып алу, сақтау және өткізуді іске асырғаны үшін С.В. Шмидтке Сот үкімімен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға