Жаңалықтар

Мұнай, газ, көмір өңдірісінде баға арзандап, сапа артады деген болжам бар – саясаттанушы

Саясаттанушы Самат Нұртаза Қазақстан мен Сауд Арабиясының инвестициялық келісіміне қатысты пікір білдірді
Мұнай, газ, көмір өңдірісінде баға арзандап, сапа артады деген болжам бар – саясаттанушы
Фото: qazaq1913.com 25.07.2022 12:50 2538

Саясаттанушы Самат Нұртаза Қазақстан мен Сауд Арабиясының инвестициялық келіссөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz

Ол Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы инвестициялық серіктестік ауқымды жұмыстардың бастамасы екенін атап өтті.

«Екі ел арасындағы серіктестіктің жақсы жақтары көп. Осы келіссөзден кейін елімізге көптеген инвесторлар келіп, жаңа жобалар мен бастамаларды қолға алса, жұмыс күші көбейетін еді. Экономикалық жаңа бастамалар мен өзгерістер орын алатыны анық. Соның ішінде, мұнай, газ, көмір өңдіруде, пайдалы қазбалардың жұмысында баға арзандап, сапа артуына болжам бар», - деді Самат Нұртаза.

Оның айтуынша, Сауд Арабиясымен біздің кәсіпкерлеріміздің серіктестігі де нығайатыны анық. Демек, тауар айналымы, қаржылық айналым және тағы басқа айналымдардың көмегімен екі елдің серіктестігі артады.

«Қазіргі таңда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағы үшін барлық оңтайлы келіссіздерді жүргізіп жатыр. Болашақта еліміз әлемнің дамыған үздік елдерінің қатарына кіреді деген сенімдемін. Сондықтан Мемлекет басшысының әр қадамын қолдап, серпінді бастама деп есептеймін», - деді Самат Нұртаза.

 


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға