Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс табуға көмектеседі

Жұмыссыздықпен күрес
07.10.2016 04:26 3763

12 қазанда «Жастар» сарайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтеді. Шараға 25 жұмыс беруші мен 10 артық қоғамдық бірлестік шақырылады.

Мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс табуға көмектеседі

Келушілер түрлі ұйымдардың өкілдерінен кеңес алып, өз түйіндемелерін қалдыра алады. Қалалық Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерінің айтуынша, денсаулық жағдайы мен мүгедектік санатына қарамастан әркімге лайықты жұмыс табу маңызды.

– Қазіргі кезде мүмкіндігі шектеулі жандарды қоғамда бейімдеуге баса назар аударылады. Заңнамаға сәйкес әр жұмыс берушінің штатында мүмкіндігі шектеулі жандар болуы керек. Олар да басқа адамдар сияқты өз еңбегімен ақша тауып, кәсіби тұрғыдан даму құқығына ие, – дейді Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс бөлімінің басшысы Роза Байсалбаева.

Айта кетейік, жәрмеңкеде мүмкіндігі шектеулі жандар қолдан жасалған бұйымдар қойылатын стэнд орнатылады. Шара сағат 10.00-13.00 аралығында өтеді.


Ақпарат Астана қаласы әкімдігінің сайтынан алынды

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға