Жаңалықтар

«Мәміле» клубы: Қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын зерделеудің тамаша үлгісі

«Мәміле» клубы: Қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын зерделеудің тамаша үлгісі
10.12.2019 11:17 2736

Ақтауда қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын зерделеу және қоғам мүшелері арасындағы өзара түсіністікке жету үшін әңгіме құру арқылы азаматтық қоғамның нығаюына жәрдемдесу мақсатында құрылған «Мәміле» клубының жұмысы жүйелі жүргізілуде.

«Курс Қанат Тасыбековтың «Жағдаяттық қазақша» атты кітабы негізінде жүргізіледі. Сабақ барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарымен қатар мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестерінің мән-мағыналарын орысша баламаларымен айтыла отырып, түсіндіріледі.

Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге, әртүрлі жағдайларда қазақша әдемілеп жауап беруіне Қ. Тасыбековтың аталған кітабының көмегі өте зор. Қазіргі таңда курсқа қатысушылардың саны – 30. Сабақ аптасына 2 рет өтеді. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін үйренуге деген ынтасы өте жоғары. Бұл дегеніміз Қазақстанның ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігінің жарасқан мемлекет екендігін тағы да дәлелдейді» - дейді оқытушы Гүлмира Тәңірберген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға