Жаңалықтар

М.М.Кириченко және М.Р.Константинов

Кириченко Михаил Михайлович 1923 жылы 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданы Лавровка селосында туған.
03.09.2014 12:53 2376

Кириченко Михаил Михайлович 1923 жылы 28 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданы Лавровка селосында туған. 1941 жылы Алматының жаяу әскерлер училищесін бітірген. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың тамызынан қатысқан.

І Белорус майданы 8 ­гвардия Әскеріның батальон командирінің  орынбасары  гвардия  капитаны   Кириченко 1944 жылы 1 тамызда Висла өзенінен өту үшін жаудың үлкен күшімен шайқасқа түсті. Төрт сағатқа созылған ұрыста Кириченконың отряды карсыластарының қорғанысын бұзып, Руда­Тарновска, Вулька­Тарновска (Польша) елді мекендерін басып алды. Осындай қолайлы плацдармды басып алған Кириченко біздің әскерлердің Висла өзені арқылы өтуге жағдай жасады. Осы күндері ол үкімет наградасына ұсынылған болатын. Бірақ КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығы тек 1991 жылдың 5 мамырында шықты. Михаил Михайлович Кириченкоға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін батыр армиядағы қызметін жалғастырды.

1945 жылы офицерлер құрамын жетілдіру курсын бітірді.

1955 жылдан майор Кириченко запаста болды. Мәскеу қаласында тұрды. «Главмосавтотранстың» автожолдар басқармасында аға инженер болып істеді.

Екі рет Ленин, екі рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды. Харьков облысындағы Изюм қаласының Құрметті азаматы. 1994 жылдың 8 мамырында қайтыс болған.

 Константинов Михаил Романович 1922 жылы 25 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Рузаев (қазіргі Ғ. Мүсі­ репов) ауданы Ерназаров селосында туған. Магнитогорск қаласында 9 сыныпты бітірген. Қызыл Армия қатарына 1940 жылы шақырылған. 1944 жылы Орынбордың ұшқыштар дайындайтын әскери­авиация мектебін тәмамдаған.

ІІ Белорус майданында 4­әуе Әскеріның 43­гвардия авиация полкінің аға ұшқышы, гвардия кіші лейтенанты М. Константинов соғыс біткенше жаудың техникасын және жанды күштерін жою үшін 147 рет аспанға көтеріліп, әскери тапсырысты орындаған. Осындай ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1946 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен М.Р.Константиновке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1955 жылы Әскери­әуе академиясын бітіріп, әскери­әуе күштерінде қызметін жалғастырды. 1970 жылы полковник Константинов запасқа кетті. Қырым Республикасындағы Фрунзенское елді мекенінде тұрып, ауданаралық ауылшаруашылық техникасының Алуштинск кеңсесінде жұмыс істеді. Кейінірек Тирасполь қаласына қоныс аударды.

Ленин, 2 рет Қызыл Ту, 2 рет 1­2­дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталды.

 Коваленко Павел Васильевич 1917 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Ленин ауданындағы Явленка селосында туған. Бастауыш мектептi бiтiргеннен кейiн Ворошиловград облысының   Сватово   қаласына   көшiп   кетедi.   Жүргiзуші, моторшы болып жұмыс істеген. 1941 жылғы маусымнан бастап майданда болды.

1941 жылдың күзi мен қысында Коваленко Москваны қорғауға қатысты.

Ол бiздiң әскерлер Наро­Фоминск ауданында қарсы шабуылға шыққан өзiнiң «КВ» ауыр танкiмен жау қорғанысының алдағы шебін бұзып өтiп, дұшпанның екi  танкi мен үш батареясын жойып жiбердi. 1942 жылғы 16 қаңтарда Коваленко қалаға бiрінші болып кiрдi, жаудың екі бронды машинасын және бiр танкісін төте тиген оқпен қатардан шығарды. Қалада атыстың қызу әрi шалымды болғаны соншалық, ол бiздің жаяу әскерден бөлініп кеттi де танкi отқа оранды. Павел Васильевичтің өзі қолынан жараланды. Немiс автоматшылары машинаны қоршап алды, бірақ экипаж ерлікпен, жан қия соғысты. Ол – ол ма, қолма­қол шайқас үстiнде ержүрек танкистер немiстiң орташа танкiн оқ­жарағымен қолға түсiрiп, соған ауысып алып, жауды жайрата берді.

1942 жылы Коваленко кiшi лейтенанттардың курсын тәмамдап, сол жылдың тамызында лейтенант Коваленко минометшiлер взводының командирi болды. Соғыс үстiнде ол атқыштар бөлiмшесiнiң шабуылын жауға оқ жаудырып қолдап отырды. Жаудың оқ жаудыратын нүктелерiн жылдам да дәл атқылау жаяу әскерлердiң шабуылына жағдай жасады.

1944 жылғы тамызға дейiн Коваленко жаудың тоғыз атыс нүктесiн құртып, жетпiске тарта неміс жауынгерi мен офицерiнiң көзiн жойды.

Павел Васильевич өз взводымен Бжоузовка өзені маңындағы 165,6 жотасы үшiн болған соғыстарда гитлершілердің үш атыс нүктесін құртты. Үш күннен соң жаудың жаяу әскерi Давидовизна деревнясы маңында қарсы шабуылға шықпақ болды. Аға лейтенант немiстердiң шоғырланғанын байқаған соң минометтен оқ жаудырып, дұшпанның жиырма бес жауынгерiн жер жастандырды. Коваленконың омырауына Қызыл Ту орденiнiң жанына 2­дәрежелі Отан соғысы орденi тағылды.

Коваленко Неман өзеніндегi плацдарм маңында немістердің қорғанысын бұзып өту кезінде және Шығыс Пруссия маңындағы шабуылдарда үлкен ерлiк көрсеттi.

1945 жылдың қаңтарында аға лейтенантқа жаяу әскерлердiң шабуылын қолдау бұйырылды. Взвод командирi өзінің 120 миллиметрлiк минометтерiмен сым қоршаулардан екі тұстан жол салып берді. Осы кезде ол дұшпанның үш пулемет нүктесiн, миномет взводын, 75 миллиметрлiк пушкасын жойды және отызға тарта фашистi құртты. Жауынгерлік тапсырма тамаша орындалып, бiздің бөлiмшелер қорғанысты бұзып өттi.

Коваленконы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсына отырып, полк командирi полктің жеңiстерi аға лейтенант Коваленконың ержүректiгiлінiң арқасында қамтамасыз етiлгенiн атап көрсеттi. «Оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы барлық жауынгерлiк ғұмыры үлкен ерлiктер мен Отанға шексіз берiлген сүйiспеншілiкке толы», деп жазды подполковник Хомуло. Отан оны батыр деп таныды. КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Коваленко осы жоғары марапатқа ие болды.

1946 жылдан бастап капитан Коваленко запаста Сватово қаласында тұрып, гараж меңгерушісі болып жұмыс iстедi. 1949 жылғы 24 тамызда дүниеден өттi. Сватово қаласындағы 1 Мамыр бас алаңында жерленген. Сол қалада оның атында көше бар, ол тұрған үйде мемориалдық тақта орнатылған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға