МƏЛІМДЕМЕЛЕР. Екінші нұсқа:
«Менің əдеби шығармаларымның ішінде самодержавие тұсында басылып шыққандары: Крылов мысалдарының ау- дармасын жəне «Маса» деген атпен шыққан өзімнің өлеңдерім мен аудармаларым. Кеңес үкіметі тұсында мен əдеби іспен айналысқаным жоқ. Көркем шығарма туралы мəселеге келетін болсақ, мен көркем дүниенің құндылығын оның қандай иде- яны негізге алғандығымен емес, адамның жан дүниесіне, сезіміне қалай əсер етуіне байланысты бағалануы керек, деген көзқарастарын жақтаймын.
Қазақстандағы ағымдармен таныспын, бірақ та олардың ешқайсысына іш тартпаймын, себебі, мен үшін əдеби бағыт- тардың – пролетарлық немесе ұлтшылдық сарынның қайсысы басымдық танытса да бəрібір. Оқу орындарында жастарды тəрбиелеу жолындағы ұстаздық қызметімде əдебиет жөніндегі дəрістерімді жоғарыда айтқан пікірімнің негізінде жүргіземін. Ал Орынбор мен Қызылордада қаласындағы Қазақ ағарту ин- ститутында дəріс берген «Мəдениет тарихы» пəнінің бағытына келетін болсақ, онда мен өзімнің негізгі арнамды – адамзаттың дамуының қозғаушы күші мен қуаты – ғылым мен техника де- ген пікірді жетекшілікке алдым.
Бірде 1927 жылы Қызылорданың Қазақ ағарту институтын- да тарих пəнінен дəріс беріп тұрған кезімде маған: болашақта өкімет бола ма? – деген сұрақ қойылды. Бұл сұрақ мемлекет билігі туралы оқылған дəрістегі адам баласы барлық заман- да да биліксіз өмір сүрмеген деген сөзден туындады. Мен ол сауалға ғылым – тəжірибеге негізделеді, ал өткен тəжірибеге жүгінсек, адамзат биліксіз өмір сүріп көрмепті. Сондықтан да тəжірибеден өткізіп алмай, болашақта үкімет билігі бола ма, жоқ, оған ғылыми тұрғыдан баға беруге болмайды, – деп жауап бердім.
Егерде ұмытып қалмасам, менің жауабым сонымен тəмам- далған сияқты болатын. Ал социализм құрылысының даму болашағы мен содан келіп туындайтын мемлекеттік биліктің тағдыры жөніндегі сұрақтар маған берілген емес.
Қазақ əдебиетінің ағымдары туралы мəселені мен ешкім- мен де бірігіп талдағам жоқ. Оның ішінде Мағжан Жұмабаев жасаған əдеби платформаны Бөкейхановпен бірігіп оқыған емеспін. Қалай болған күннің өзінде, мен Мəскеуге барған кезімде Мағжан Жұмабаевты Бөкейхановтың пəтерінен көрме- генім анық, сондай-ақ Жұмабаевтың пəтерінде болғаным жоқ. Нақтысын айта алмаймын. Жұмабаев пен Бөкейханов мен орналасқан жатақханаға (ол РСФСР-дің Халық ағарту комиссариатының Мəскеудегі жатақханасы болатын, 1924 жылы күзде мен өлкетанушылардың өлкелік құрылтайына қатысу үшін барғанмын) келді ме, əлде бəрімізде өлкетану- шылардың құрылтайының мəжілісінде кездестік пе, əйтеуір, бір жүздескеніміз рас. Сондай-ақ, «Табалдырық» əдеби үйір- месінің бағдарын оқығаным да есімде жоқ. Əрине, əдеби шығармаларды оқыған болармыз, алайда ешқандай қолжаз баның болғаны жадымда сақталмапты, ал Сəрсенбиннің газет- те жарияланған мақаласы есімде. Мен Мəскеуде болған кезімде оны Жұмабаевпен көріп қалғаным бар.
Орынбор қаласында тұрғанымда Сəрсенбин менің үйіме келген емес. Əйтеуір, менің жадымда қалмапты. Тіпті, өлке- танушылардың құрылтайынан кейін соның өзін көрдім бе, жоқ па, білмеймін.
Жұмабаевтың əдеби бағдарын талқылауға арналып, Алды- оңғаровтың үйіне бір рет бас сұққан жоқпын.
Шоқаевқа қатысты білетінім, оның Парижде тұратындығы ғана. Тек 1924 жылы Парижде өткен дүниежүзілік өнер мерекесіне барған қазақ əншісі Əміре Қашаубаев ол жақтан қайтып келген соң Шоқаевты көргенін айтқан болатын. Бұдан басқа ол туралы ештеңе деген жоқ. Бұл сөзді Əміре менің үйіме əдейі келіп айтты ма, жоқ, көшеде кездейсоқ кездесіп қалғанда айтты ма, ол жағы есімде қалмапты.
Менің берген жауабым өзіме оқылды, менің айтқан сөздерім дұрыс қағазға түсірілген, сол үшін қол қоямын.
А.Байтұрсынұлының қолы
Жауап алған ол – Саенко («Алаш ақиықтары», 7-8 б.)