Жаңалықтар

МƏЛІМДЕМЕЛЕР. Бірінші нұсқа:

МƏЛІМДЕМЕЛЕР. Бірінші нұсқа:
28.08.2014 06:44 2425

«Əдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінез- ден туады. Ұлтының қажетін өтейді сөйтіп. Менің ақ патша тұсында басылып, халыққа кең тараған əдеби еңбектерімнің іші- нен Крылов мысалдарының қазақша аудармасын, «Маса» деген атпен топтасқан өлеңдерімді бірегей бөлектеп атар едім. Совет үкіметі тұсында шығармашылық шаруадан қашықтай бердім. Ғылыммен айналыстым, қасиетті тілдің түп төркінін ақтарып, ғылым жасадым. Көркем əдебиетке деген көзқарасым: оның құндылығы сонда – нендей идеяны көтерген шығарма болма- сын егер адам əлемінің сезіміне, жан дүниесіне қалай, қайтіп əсер ете алады дегеннен шығып жатады. Əсерге бөлей алса ғана ол əдебиет. Ой-тұжырым мəселесі екінші кезекте тұрғаны жөн, ал адамды өз əлеміне баурай тартып еліктіріп əкетер күші жоқ шығарма əдебиет емес, идеология ғана деп ойлаймын.

Қазақстандағы əр қилы əдеби ағымдармен таныспын, əйтсе де олардың ешқайсысына енген емеспін, өз басым əдеби өмірде жұмысшы табының мүддесі жоғары ма, əлде ұлттың мүддесі жоғары ма деген тұжырымға елп ете қоймаймын. Ең əуелі кəсіп емес, мұң, шер, адам жаны бірінші көрінуге тиіс қой. Өзімнің жоғарғы оқу орындарында жастарды тəрбиелеу ісіндегі сында- рымда, əдебиет мəселелері туралы жазған мақалаларымда осы қағидадан табан аударғаным жоқ. Сосын «Мəдениет тарихы» деген еңбек жазып, сол бойынша Қазақ оқу-ағарту наркомын- да, Орынборда, Қызылордада дəріс оқып, адамзат қауымын іл- герілетер демеуші күш ғылым мен техникада жатқанын қадап айттым.

Есімде қалғаны, бірде 27 жылы Қызылордада шетел бөлімінде лекция оқып тұрғанымда маған «келешекте бас- қарушы үкімет сақтала ма?» деген сауал қойылды. Бұл сауал менің сол кездегі мемлекет басшылығы туралы дəрісіме орай, адамзат өзінің арғы-бергі тарихында басқару үкіметінсіз өмір сүрген емес деген тұжырымнан туып кетті. Ойлы сұрақ. Мен жауапты былай бердім: қай ғылым болмасын тəжірибеге та бан тірейді, ендеше тарих тəжірибесіне зер салсақ адамзат ешқашан басқару үкіметінсіз тіршілік етпепті. Осыған сенер болсақ, болашақ туралы жеткілікті түрде тəжірибе жинақтай алмай жүрген уағымызда келешекте билеуші үкімет бола ма, болмай ма? дегенге жауап беру əлі ертерек.

«Табалдырық» деп аталатын əдеби ұйымның платформасын жіліктеп шағып берердей көз жеткізіп біле бермеймін. Газет бетінен, қолжазба күйінен оқыған шығармын, əйтсе де əдебиет мəселесін жоспарлауға, тиянақтауға келетін болсақ, керісінше, шығармашылық шаруасы ешқашан талқыланып, жоспарлауға көнбейтін, кісінің ерік құқына байланыссыз қасиетті іс деп тұжырамын.

Мұстафа Шоқайұлының Парижде тұратынымен ғана хабар- дармын. 1924 жылы Парижде өткен өнер шығармаларының дүниежүзілік көрмесіне қатынасып абырой алған қазақ əншісі Əміре Қашаубаев елге қайтып оралған соң Шоқайұлы өзі ая- нышты тіршілікте жүріп елін, жұртын аяған жүрегі жылы аза- мат деп ойлаймын.

"Ел - шежіре"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға