Жаңалықтар

Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы елге қайтарылды

Бұл туралы Антикор мәлім етті
Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы елге қайтарылды
Фото: media.az 13.09.2022 13:30 1016

Мұхтар Әбілязовтың тағы бір сыбайласы халықаралық іздестіруден елге қайтарылды, деп хабарлайды El.kz Антикорға сілтеме жасап.

«БТА-Банк» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты қылмыстық іс бойынша 2011 жылдан бастап іздеуде «Жаңа Қалқаман» ЖШС атаулы директоры Пак Виталий Леонидович болды.

2006-2008 жылдар кезеңінде осы компанияны заңсыз несиелеу арқылы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары 8,9 млрд. теңгеден астам сомаға ақшалай қаражатты ұрлады.

2019 жылы Пак ҚХР (Чэнду қ.) аумағында анықталды.

Күдіктінің жақын туыстарымен және адвокатымен тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін, Пак Қазақстанға оралуға ниет білдіріп, ол туралы жазбаша өтініш жолдады.

Ү.ж. 27 тамызда ҚР ІІМ Интерполдың көмегімен Пак Чэнду қаласынан Алматы қаласына келіп, тергеу изоляторына қамалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға