Жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрмыстағы мүмкіндіктері кеңейеді

Бұл туралы Үкімет отырысында Тамара Дүйсенова айтты
Мүмкіндігі шектеулі адамдардың тұрмыстағы мүмкіндіктері кеңейеді
Фото: inform.kz 05.07.2022 11:45 2292

Мүгедектігі бар адамдардың тiршiлiктегі шектеулерді еңсеруіне мүмкіндік беретін қызметтер мен техникалық құралдар арнайы Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы ұсынылады деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова , – деп хабарлайды El.kz.

– Биылдың өзінде Портал арқылы 214 мың қызмет көрсетілді. Яғни, көмекке мұқтаж адамдардың 62,4 пайызы қамтылды. Бұрын осы жұмыстың бәрі жергілікті жерде атқарылатын. Сәйкесінше, жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың қызметіне сын-ескерту өте көп айтылатын. 2021 жылы Порталдың іске қосылуы жеке оңалту бағдарламаларының орындалуын 87 пайызға жеткізді, – деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен бірге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі оңалтуға қажетті құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету мерзімін 8 айдан 14 күнге дейін қысқартқандығын айтты.

– Қай жерде тұрғанына қарамастан барлық мұқтаж адамның қызметтер мен техникалық құралдарға қолжетімділігін қамтамасыз етті. Құрал-жабдықтар мен қызметтерді және оны берушіні әркім өз бетімен таңдау мүмкіндігіне ие болды. Дегенмен құралдарының сапасына, өнім өндірушілердің баға саясатына және олардың өз міндетін адал әрі ұқыпты атқаруына байланысты әлі де сұрақтар бар.Осыған орай, оңалту қызметі мен құралдардың стандарты, баға саясаты және тиісті қызметті ұсынушыларды Порталға тіркеу шарттары қайта қаралатын болады, – деді   Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Министр ол шаралардың қызмет көрсету нарығын дамытуға жағдай жасауға және қызмет ұсынушыларды әділ бәсекеге ынталандыруға бағытталғанын айтты.         

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға