Жаңалықтар

М.А.Ершов және Н.И.Забелкин

Ершов Александр Матвеевич 1908 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Мәскеу ауданындағы Славянка селосында туған. Соғысқа 1941 жылғы шiлдеден бастап қатысты.
03.09.2014 12:06 2149

Ершов Александр Матвеевич 1908 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Мәскеу ауданындағы Славянка селосында туған. Соғысқа 1941 жылғы шiлдеден бастап қатысты.

1945 жылғы 24 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесi Төралқасы Жарлығымен Александр Матвеевич Ершовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берiлiп, «Алтын Жұлдыз» бен Ленин орденi қоса тапсырылды.

Марапат парақшасында былай жазылған: «Ершов 1944 жылы 17 шiлдеде Неман өзенiн кесiп өтуде асқан өжеттiлiк пен қаһармандық және ерлiк көрсеттi. Ол өз бөлiмшесiнде бiрiншi болып  бөгеген  суды  кесiп  өтiп,  өзеннiң  екiншi  жағасына шықты. Артиллериялық және пулемет оқтарының толассыз атылуына, сондай­ақ жау авиациясының үстi­үстiне бомба тастауына қарамастан, Неманның қарсы жағасына шығып, бекiнiп үлгерген оның бөлiмшесi қарсы шабуылға шыққан фашист роталарына тойтарыс берiп, оларды 30­40 метрге дейiн жақындатып алып, мылтықпен және гранатамен жусата қырды. Оқ­дәрi таусыла бастағанда Ершов «Сталин үшiн алға» деп бiрiншi болып орнынан көтерiлiп, фашистермен жекпе­жек шайқасқа түсiп, әрiптестерiне батырлық үлгiсiн көрсетті. Өз винтовкасының найзасымен және дүмімен Ершов 12 фашистi жайратты. Жаудың бетi тойтарылып, 100­ден астам неміс солдаттары мен офицерлерiнiң өлiгi, сондай­ақ айтарлықтай қару­жарақ ұрыс даласында қалды. Немiстердiң қарсы шабуылының бетi тойтарылды. Неманның сол жағасындағы плацдармды жауға бермей, бiздiң әскерлер өзеннен өтiп, шабуылға шықты. Оңтайлы шептерге бекiнді».

Александр Матвеевич 1980 жылдың 21 ақпанында қайтыс болды, алайда оның ерлiгi халықтың мәңгi жадында. «Көңiл зердесiн беріп қоюға болмайтын плацдармдай сақтау қажет. Өмір үшiн, тiрiлер үшiн одан айырылмау керек», – деушi едi Ершов.

 Забелкин Николай Иванович 1923 жылы 21 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Володар (қазіргі Айыртау) ауданында Восточное селосында дүниеге келген. Жетіжылдықты бітірген. 1941 жылы электротехникумның төртінші курсынан Қызыл Армия қатарына алынған. 1942 жылы Москваның артиллерия­минометшілер училищесін бітірген.

ІІІ Украин майданындағы 58­гвардиялық миномет полкінің барлау дивизионының бастығы гвардия лейтенанты Н.И. Забелкин 1943 жылы 16 тамызда айқын ерлік жасады. Донецк облысы Славян ауданындағы Голая Долина селосының маңында Северский Донец өзенінің батыс жағалауында плацдармды кеңейту үшін болған ұрыста жау бекінісіне өте жақын келді. Жаудың екі жаяу әскер батальонының контршабуылына тойтарыс бере отырып Забелкин өз дивизионының оғын өзіне бағыттауын бұйырды. Соның нәтижесінде жаудың қарсы шабуылы тоқтатылды.

1943 жылдың 23 қазанында Днепропетровск облысы Криничан ауданындағы Аулы елді мекенінен оңға қарай жау тылына радистпен өткен Забелкин минометшілердің атысына бағыт беріп отырды. Оның мәліметіне қарай минометшілер 5  автокөлікті  қаратып,  бір  взводтан  артық  жаудың  автоматшыларын құртты.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1944 жылғы 3 маусымдағы Жарлығымен Николай Иванович Забелкинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Соғыстан кейін Мәскеуде тұрды. Мәскеудің Мемлекеттік халықаралық байланыстар институтын бітіріп, Саяси Жа­ ңалықтар Агенттігінде қызмет атқарды.

Ленин, екі рет «Отан соғысы» ордендерімен және шетелдер орденімен марапатталған.

«Есімдері ел есінде», құрастырған Абай Тасболатов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға