Жаңалықтар

Тоқаев: Ұлытау Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналады

Тоқаев: Ұлытау Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналады
16.06.2022 16:43 2269

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда басталғаны Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналатынын айтты, – деп хабарлайды El.kz.

«Ұлттық құрылтайдың Ұлытауда басталғаны дұрыс болды. Киелі өлкеміз Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бірліктің символына айналды. Осы орайда, мен тағы бір маңызды бастама көтергім келеді. Бұл жерде барлық рулардың таңбасы тасқа жазылған. Сол арқылы бабаларымыз ұлт бірлігін көрсеткен. Қаныш Сәтбаев «Еліміздің ту тіккен жері – Таңбалы тас» деген. Өкінішке қарай, қастерлі жазулар кейін әбден бүлінді. Ел азаматтары Ұлытауға ескерткіш қойып, тастағы таңбаларды жаңғыртты. Бірақ, бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Мұнда қазақтың бірлігін әйгілейтін сәулетті нысан тұруы керек. Мен Әулиетаудың етегінде Мемлекеттік рәміздер алаңын ашуды тапсырамын. Қасиетті өңірде көк байрағымыз асқақтап тұруға тиіс. Сол арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасып жатқанын көрсетеміз. Тамыры терең мемлекеттігіміздің жаңа дәуірі басталғанын білдіреміз»



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға