Жаңалықтар

Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
13.11.2014 06:44 5432

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бірлесе отырып, «Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі

Дөңгелек үстелдің жұмысына ҚР Мәжілісінің депутаттары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым мен мемлекеттік органдардың өкілдері, дінтанушы ғалымдар мен сарапшылар, ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандары қатысты.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Ұлытау төрінде берген сұхбатында айтылған руханиятқа – дін мен тарих саласына қатысты келелі ойларын талдап-таразылау, сұхбаттан туындаған ой-пікірлерді ғылыми-сана елегінен өткізіп, көпшілікке ұсыну болды.

Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі

Іс-шара барысында рухани тарихты зерттеп-зерделеудің ерекшеліктерін, әдістемелік және тәжірибелік қырлары талданып, өскелең ұрпаққа тереңдей таныстыру жолдары қарастырылды. Сонымен бірге, қазіргі діни ахуал жағдайындағы рухани дәстүрлер сабақтастығының жай-күйі таразыланып, дін және дәстүр сұхбатының рухани мәдениетті қалыптастырудағы мән-маңызы айшықталды.

Дөңгелек үстел барысында сөз алған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов: «Бүгінгі басқосудың баршамыз үшін маңызы ерекше. Өйткені біз дөңгелек үстел басында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлытау төріндегі тарихи сұхбатынан туындаған тағылымды ойларды ортаға салып, ұлт руханиятының іргесін бекіте түсуге тағы бір қадам жасағалы отырмыз. Мәңгілік елдің тірегі – мәңгілік құндылықтар. Көнермес құндылықтарға бай тарихымыз бен өткеннен өнеге ала білген бүгініміз бізді бағдары айқын болашаққа жалғастырады. Осы бағыттағы сотқалы ой, сындарлы пікірлерді сарапқа салған Ұлытау сұхбаты бүгінгі Қазақстан қоғамының рухани жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басқанын айғақтайды», - деп атап өтті.

Ұлытау сұхбаты – рухани жаңғырудың жаңа кезеңі

Баяндамашылар сөздерінде діни және ұлттық құндылықтарды зайырлы мемлекет қағидаттарымен үндестікте өміршең ету жолдарын сарапқа салды. Руханият саласындағы кешенді зерттеулер мен мазмұнды іс-шараларды ұйымдастыру, жолға қою және насихаттау арқылы рухани жаңғырудың жаңа кезеңін тиімді түрде жүзеге асыру мүмкіндіктері белсенді түрде талқыға салынды.

Іс-шара қорытындысында қатысушылар тарапынан қарар қабылданды.

Дөңгелек үстелде сөз алған ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановтың кіріспе сөзі мына жерде.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға