Ұлытау облысына «Тальго» пойызы қатынайды
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
10.08.2022 02:34
1118
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Ұлытау облысына «Тальго» пойыздары қатынайды, деп хабарлайды El.kz.
– Ұлытау облысына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл қыркүйектен бастап Жезқазған қаласына «Тальго» пойыздары қатынайды. Ол үшін күн ара № 65/66 «Нұр-Сұлтан – Жезқазған» және № 73/74 «Алматы-2 Жезқазған» бағытындағы пойыздар жолға шығады, - деді ведомстводан.
Сонымен қатар министрлік жыл басынан бері жолаушылар пойызына жүргізілген тексерістер нәтижесін жариялады. 300 пойыз тексеруден өтіп, оларда 700-ге жуық олқылық табылған. Анықталған фактілер бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандықтардың орташа жалақысы өсті