Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр қалалар: Киев

Киев қорғанысы Ұлы Отан соғысы жылдары шешуші рөлдердің бірін ойнап, адам шығыны бойынша ең маңызды қорғаныстардың бірі саналады және сол үшін де оған 1965 жылы 8 мамырда «Батыр қала» атағы берілді.
27.02.2015 05:57 6782

Киев қорғанысы Ұлы Отан соғысы жылдары шешуші рөлдердің бірін ойнап, адам шығыны бойынша ең маңызды қорғаныстардың бірі саналады және сол үшін де оған 1965 жылы 8 мамырда «Батыр қала» атағы берілді.

Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр қалалар: Киев

Киев қорғанысы 1941 жылдың 7 шілдесінен 26 қыркүйегіне дейін созылды. Кей мәліметтер бойынша КСРО 616 304 адамнан айырылып (өлген, жоғалған, пленге алынған) 84 240 адам жарақат алды. Жалпы саны 700 544 адам зардап шекті.

Фашисттер өз әскерінің сол қанатымен Киевті басып алып, ары қарай әскерін Оңтүстік-Шығысқа бұрып Киевтен оңтүстікке қарай және батысқа қарай ешқандай Кеңес әскерін жібермеуді, яғни Днепрді асырмауды көздеді. Үш есе басым күшпен жау Новоград-Волынсктен оңтүстікке қарай орналасқан Кеңес әскері қорғанысы бұзып 11 шілдеге қарай немістің 13-танк дивизиясы Ирпень өзеніне (Киевтен батысқа қарай 15 шақырым) шықты. Кеңес күшінің 5 және 6 әскерлері жаудың әскерінің назарын өздеріне бұрып, Киев қорғанысына көп көмектесті. Олар 11-14 шілде күндері жауды тоқтатып, шайқасты Святошинодан батысқа қарай ысырды.

6 шілде күні Киев қорғаныс штабы құрылып, қалаға қосымша күш ретінде 3 атқыштар дивизиясы мен 2 әуе-десанттық бригадасы қосылды.

Киевтіктермен бірге Қызыл Әскер Киевті 83 күн қорғады. 1941 жылдың 19 қыркүйегінде Қызыл Әскердің Жоғарғы Бас қолбасшысының бұйрығымен Днепрдің сол жағалауына шегінді. 21 қыркүйек күні фашист әскері Киевке кірді.

Киевтің оккупациясы 778 күнге созылды. Осы уақыт аралығында Гитлер әскері қаладағы 800 кәсіпорынның көзін жойды. Олардың ішінде «Большевик», «Қызыл экскаватор», бу машинасын жөндейтін зауыт, жеңіл өнеркәсіп ошақтары, тігін фабрикалары және т.б. Киев-Дарница темір жолы істен шықты. 60 шақырымдық трамвай жолы бұзылды. Фрунзе атындағы трамвай паркі өртелді, троллейбус желісі жойылды.

Неміс басқыншылары Киев кітапханаларынан 4 млн. томнан асатын кітап қорын ұрлап әкетті. Академия кітапханасынан гитерлік жауынгерлер Германияға 320 мыңнан астам бірегей кітаптар, журналдар, қолжазбалар және т.б. құнды құжаттарды әкетті.

Неміс-фашист әскерлері қаланы тас талқан етумен қатар, адамдарды қырып-жойды. Киевті 195 мың адам атылды.

 1943 жылдың 5 қарашасынан 6 қарашасынан қараған түні қалада қатал шайқастар орын алды. 6 қараша күні таңғы 4 шамасында Кеңес Әскері фашистердің қарсылығын бұзып Киевті басқыншылардан азат етті. Оккупанттар шегіне отырып, Украинаның ең ескі мәдени орталығы саналатын Шевченко атындағы Киев мемлекеттік университетін өртеп кетті. Олар сондай-ақ Индустриалдық, Орман-техникалық, Театр және Педагогика институттарын қиратып, Ескі және Жаңа Дарницаны түгелдей бұзып, Труханов аралын жағып жіберді. Днепр үстінен өтетін көпірлер мен темір жолдар жарылды.

1943 жылы 6 қарашада Киев оккупанттардан толықтай азат етілді. Киевтің азат етілуіне орай 1943 жылы 6 қарашада Мәскеуде мерейтойлық салют атылды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға