Жаңалықтар

Ұлы Отан соғысы қарсаңында KAHARMAN.KZ сайты іске қосылады

Сайтта мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, қазақстандық батырлар туралы ақпараттар, соғыс жылдарының жылнамасы, фотогалерея, бейнероликтер, ардагерлер туралы мақалалар жарияланады.
06.02.2015 13:10 7933

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Ұлы Отан соғысына арналған KAHARMAN.KZ сайты іске қосылатынын мәлімдеді. Ол мұны Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту мәселелеріне арналған селекторлық жиында айтты.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында KAHARMAN.KZ сайты іске қосылады

«Біз бірегей мұрағаттық құжаттар, майдандағы қызықты оқиғалар, батырлардың өздерінің әңгімелері, марапат қағаздар, соғыстағы оқиғалар жөніндегі бейнематериалдар жинақталған сайт ашамыз», – деп мәлімдеді аталған отырыста «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Оның айтуынша, жаңа сайтта «Соғыс әуендері» деген айдар ашылып, онда әндер, соғыс жылдарының әуендері және радиохабарламалар орналастырылады.

Айта кетерлік жайт, Ресейде дәл осындай 36 бар екен.

Сайтта мұрағаттық құжаттардың көшірмелері, қазақстандық батырлар туралы ақпараттар, соғыс жылдарының жылнамасы, фотогалерея, бейнероликтер, ардагерлер туралы мақалалар жарияланады.

KAHARMAN.KZ сайтын іске қосу арқылы «Нұр Отан» партиясы ата-бабаларымыздың ұлы ерлігін дәріптеп, жастарды патриоттық тәрбиеге баулып, қоғамдағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен келісімді одан әрі нығайтуды көздеп отыр.

«Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары» атты энциклопедияның қайта басылып шығатыны туралы да хабарлады. Энциклопедия Кеңес Одағының батыры, Даңқ ордені иегерлері мен Халық Қаһармандары туралы мейлінше толық мәліметтерді қамтитын болады.

«Қазіргі уақытта әскерилер, тарихшы кеңесшілер, депутат корпусы мен мемлекеттік органдар өкілдерінен басылымның редакторлық кеңесін жасақтау жөнінде ұсыныстар қалыптасты», - деді партияның хатшысы Фархат Қуанғанов селекторлық кеңесте. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға