Жаңалықтар

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларының «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрмесінің ашылу рәсімі өтті.
26.02.2015 03:21 4590

Қазақ даласының ұлы перзенттері адамзат қазынасына теңдесі жоқ материалдық және рухани мәдениеттің үлгілерін жасап қалдырды. Ешкімге ұқсамайтын еркін адамның дүние танымы мен философиясын қалыптастырды. Оның бәрін бүгінде бүкіл адамзат баласы өз игілігіне жаратып отыр.

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде «Қазақ хандығы: Ұлы даланың ұлы бейнелері» атты қор көрмесі ашылды. Көрмеге алғаш рет дәстүрлі қазақ қоғамының тарихи және мәдени мұраларын айғақтайтын бірнеше музейлік жинақтар қойылған. Соның ішінде Ресей патшайымы І Елизаветаның атынан Абылай ханға тарту етілген атақты қылыштың бөлігі, Бөлек батырдың дулығасы сынды тарихи артефактілер бар. Бұдан бөлек, Қ. Алтынбековтың тарихи дәлдікпен орындаған қазақ хандарының мөр-жүзіктері, А. Абдубаиттің алтын зерлі жіппен кестеленген көркем паннолары экспозицияда маңызды орын алған. 

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

Көрменің мақсаты қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен нығаюында маңызды орын алған, Қазақ хандығы тарихындағы айтулы оқиғалар мен жарқын тұлғаларды көрсету, дейді ұйымдастырушылар.

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

Мемлекеттерді мәңгі, халықтарды ұлы ететін де немесе құрдымға жіберетін де мемлекеттік билікті жүргізген басшыларға тікелей байланысты. Көрменің қақ төрінен орын алған Абылай, Әбілхайыр, Кенесары хандардың бейнелері осыны айғақтайды.

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

Қазақ хандығының кең-байтақ кескіндемелі бейнесін танымал қазақстандық суретшілер, мүсіншілер, зергерлер, реконструкция жасаушылардың туындылары көз алдымызға елестетеді. Көрмедегі көптеген жәдігерлер көпшілік қауымға алғаш рет ұсынылып отыр. Осылардың қатарында Қытайлық Цин династиясының кезеңіне жататын бірегей паннолар маңызды орын алады. Оларда қытай императорлардың әртүрлі мемлекет өкілдерімен дипломатиялық сыйлық алмасу рәсімі бейнеленген. Осы дипломаттар қатарында Қазақ хандығының да өкілдері бар. Осындай бірегей, мұрағаттық-бейнелеу дереккөздері ҚХР мұрағаттарынан табылған, ал олардың дәл көшірмелері ҚХР-дағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, қазіргі кезде Президенттің Көмекшісі-ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Б. Ермекбаевтың бастамасымен жасалған болатын.

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

«…Қазақ мемлекеттілігінің тарихының деңгеі жиегі өмір сүру кезеңі жиырмасыншы ғасырдың шегінен асып түседі…», - деп атап өткен болатын Н.Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде. Қазақ хандығының тарихы мен мұрасын зерттеу тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана мүмкін болды. Қазақ хандығының мерейтойын атап өтудегі басты назар ұлттық бірегейлік, тарихи бастауларды іздеуге арналып отыр.

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады

Айта кету керек, экспозицияның Музейдің Күмбезді залында орналасуының символ мәні бар: дәл осы жерде 1997 жылы ҚР Тұңғыш Президенті Қазақстанның жаңа астанасын жария еткен болатын. Күмбезді зал  Қазақстан халқының еркіндігі, бірлігі және оның сабақтастығының рухына тұнып тұр.

Ұлы даланың ұлы бейнелері астаналықтардың назарына ұсынылады


Ғабит Саяпбергенов

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға