Ұлы,Орта және Кіші жүздер
Моңғол империясы ыдырағаннан кейiн, Ақ Орда, Моғолстан, Əбiлхайырхандығы (Көшпелi өзбектер мемлекетi), Ноғай Ордасы шаңырақ көтерді. Бұл кезде қазақ халқының шашылған күйден құтыла қоймауы, қалыптасайын депқалған қазақ халқының бiрнеше мемлекеттерге бөлінуi, өндiргiш күштердiң əлсiреуі, адам санының кемуi, үздiксiз соғыстар мен Жошы əулетi арасындағы, рулар мен тайпалар басшылары арасындағы өзара алауыздық мұндағылардың бiрiгуін жалғасты тежеді. Бұл саяси бытыраңқылықты жеңу үшін бiр тектi халыққа айналайын деп қалған қазақ тайпалары мен руларын бір мемлекетке бiрiктiру қажеттiлiгi туыл- ды. Соған орай дүниеге келген Қазақ хандығы – Шығыс Дештi Қыпшақ, Жетiсу, Оңтүстік Қазақстанның кең байтақ жерiндегі əр сала құбылыстардың заңды салдары.
Əбiлхайыр ханның қол астындағы көшпелi тайпалар бiрлестiгi “Қазақ”, “Өзбек” хандығына ыдырады. Қазақ хандығы Ақ Орда жерін, Жайық пен Ертiс, Түмен мен Сырдария арасын қоныстанды. Артынан бұларға Моғолстан өлкесiн мекендеген Ұлыжүз қазақтары – Үйсiндер, Дулаттар келіп қосылды. XVI ғасырдың бас кезiне келгенде “қазақ” деген атау түпкiлiктi орнығып, жұртқа жайылды. Ноғай, Сiбiр жəне Моғолстан хандықтары ыдырағасын, тағы талай тайпалар қазақ хандығының құрамына ендi. Осыдан соң, қазақты құраған ежелгі сақтардың осынша көп тайпа-рулы ұрпағы, өз атамекендерінің тарихи, географиялық, экономикалық жəне саясижақтан қалыптасқан жағдайларына байланысты, этникалық жағынан біртұтастыққа ұмтыла келіп, үш этникалық-шаруашылық топқа бөлінуін – қазақ үш жүзін қалыптастыру процесiн аяқтатты. Кейін келе Ақназар, Тəуекел, Есiм, Тəуке хандар үш жүздi түбегейлі бiрiктiрдi. Олар Ұлы жүз (Жетісу, Оңтүстік Қазақстан), Ортажүз (Алтай мен Тарбағатай, Орталық жəне Солтүстік Қазақстан) жəне Кіші жүз (Батыс Қазақстан, Төменгі Еділ) болатын. Олардың əрбірінің құрамында бірталай тайпалар енген. Атап айтсақ:
Ұлы Жүз. “Ұлы жүз – қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық жəне мəдени бірлестігі. Жері жапсарлас, əдет-ғұрпы, тірлігі ұқсас əрі туыстас Жетісу тайпалары кіретін Ұлы жүз бірлестігінің қалыптасуы ұзақ жылдарға созылды. Олардың ежелгі мекені Жетісу көне мəдениет орталығы болатын. XIV –XV ғасырларда бұл тайпа- лар Моғолстан мемлекетінің құрамында бір тұтас этникалық бірлестікке біріге бастады. XV ғасырдың екінші жартысында Жетісуда Қазақ хандығының құрылуы Ұлыжүз бірлестігінің одан ары қалыптасуын тездетті. Осы кезден бастап бұл бірлестікке қазақ жеріндегі қилы-қилы кезеңдерден өткен жалайыр, қаңлы, албан, суан, дулат, шапырашты, сіргелі, шанышқылы, ысты, ошақты, сарыүйсін, қатаған тайпалары ене бастады. Бұл тайпалардың басым бөлігі б.з. б. І ғасырда. Үйсін мемлекетінің құрамында... тіршілік еткен болатын. Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық Ұлы жүз-Үйсін деп атады. Қазіргі таңда Ұлыжүз ру-тайпаларының өкілдері тек қазақ халқы ретінде ғана танымал”.
Орта Жүз. “Орта жүз - қазақ халқының этникалық құрамына енген рулар мен тайпалардың саяси, экономикалық жəне мəдени бірлестігі. Шежіре бойынша Орта жүз құрамы алты рудан тұрады: арғын, найман, керей, уақ, қоңырат, қыпшақ. Кейбір шежірелер алты тайпаға қосымша жетінші етіп тарақтыны қосады. Аңыз бойынша тарақты Ортажүздің ноқта ағасы. Ноқта ағасы ретіндегі құрметке Ұлыжүзде жалайыр, Кішіжүзде Табын руы ие”. Ноқта ағаларындағы бір ортақ ерекшелік – олардың таңбалары тарақ таңба болып келеді .
Кіші Жүз. “Кішіжүз - Қазақстанның батыс аймағын мекендеген рулар мен тайпалар одағы. Қазақ халқының этникалық құрамына енеді. Шежіре бойынша Кішіжүз рулық бірлестіктері əлімұлы, байұлы, жетіру тайпаларынан тарайды. Кішіжүз қазақтары ел арасында Кіші жүз – Алшын атанған. Оның құрамына 12 ата байұлы (адай, алшын, жаппас, алаша, байбақты, беріш, масқар, таз, есентемір, ысық, қызылқұрт, шеркеш), жетіру (табын, тама, кердері, керейт, жағалбайлы, телеу, рамадан), əлімұлы (қаракесек, қарасақал, төртқара, кете, шөмекей, шекті) тайпалары енеді”.