Жаңалықтар

Ұлы дала елінің асыл мұрасы - домбыра

Ұлы дала елінің асыл мұрасы - домбыра
09.07.2019 16:25 5283

4 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының Бесқарағай ауданындағы кітапхананың Coworking орталығында домбыра күніне арналған «Ұлы дала елінің асыл мұрасы - Домбыра»» атты әдеби-музыкалық қонақжай өтті.

IMG_20190704_115305.jpg

Іс-шараға этномәдени бірлестік мүшелері және Аналар кеңесінің мүшелері, белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері, балалар мен БАҚ өкілдері шақырылды.

Бастапқыда жүргізушілер қатысушыларға домбыра туралы, оның қазақ халқының қасиетті аспабы екендігі жайлы әңгімелеп берді. Достық үйінің маманы Г. Бакатаева домбыра туралы аңызын айтып, «Салтанат», «Мұңлық–Зарлық» күйлерінің шығу тарихы туралы бейнебаян көрсетті. 

IMG_20190704_120950.jpg

Әдеби сазды қонақжай қонақтары Мәдениет үйінің әншісі Еркін Мотышев, саз мектебінің әдіскері, мұғалім Айдар Каримов, қазақ бірлестігінің мүшесі Нургайша Қонкаева және ең жас домбырашы Мейрлан Бекболат қазақтың белгілі ән-күйлері мен термелерін орындады.

Іс-шараның соңында өнер көрсеткен қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға