Жаңалықтар

Лудоман Қарағанды тұрғынынан ұрлаған 14 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген

Лудоман Қарағанды тұрғынынан ұрлаған 14 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 12.12.2024 14:02 311

Лудоман Қарағанды тұрғынынан ұрлаған 14 млн теңгені құмар ойынға салып жіберген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, Қарағандыда полицияға сауда ұйымдарының бірінің 40 жастағы басшысы өтініш білдірді.

Ол 14 млн теңге ұрлаған адамды қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтінді. Барлық жағдайды анықтау кезінде полицейлер жәбірленушінің күдіктімен таныс емес екенін, оның есімін ғана білетінін анықтады.

Күдікті өтініш берушіні бір-екі күннен кейін барлық соманы қайтаратынына сендіріп, оған 1,7 млн теңге қарыз беруін сұраған. Жәбірленуші келісіп, қарыз алушы кепіл ретінде жеңіл көлігін тастап кеткен. Келесі күні сауда ұйымының басшысы осы көлік құралында банктік шотқа аудару үшін 14 млн теңге сомасында қолма-қол ақша алып, жұмысқа келген. Көп ұзамай оған қарыз алушы келіп, салонда қалған ноутбукты алу керек екенін түсіндіріп, көлікті ашуын өтінген. Жәбірленуші оның өтінішін орындап, өз жұмысымен кеткен. Біраз уақыттан кейін ол көшеге шығып, көліктің жоғалып кеткенін анықтады. Ер адам күдіктімен байланысуға тырысқанымен, ол телефонын өшіріп тастаған, - делінген мәліметте.

Полиция Алматы облысының 35 жастағы тұрғынын күдікті ретінде ұстады. Ол букмекерлік кеңселердің бірінде үнемі ақшаны ұтысқа тігетінін түсіндіріп, бұл ретте де сәтсіздікке ұшырағанын мойындады. Жинақталған қарызды өтеу үшін жәбірленушіден 1,7 млн теңге қарыз алып, айтарлықтай ұтысқа сенген. Кейіннен оқиға орнынан жасырынып, жәбірленушіге тиесілі 14 млн теңгені тауып алған. Ол барлық ақшаны тағы да ұтысқа тіккен.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізілуде. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға