Жаңалықтар

Ұлттық университеттерде оқу бағасы көтеріле ме?

Жекелеген университеттерде мемлекеттегі белгіленген инфляция деңгейіне байланысты дифференциация болды
Ұлттық университеттерде оқу бағасы көтеріле ме?
Фото: inbusiness.kz 22.08.2022 21:18 1050

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұлттық университеттерде оқу бағасы көтерілетіні туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz

БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары Ержан Әмірбекұлы 1 қыркүйектен бастап ұлттық университеттерде оқу бағасы көтерілетіні туралы ақпаратты жоққа шығарды. 

«Бірінші қыркүйектен бастап Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекұлының мәлімедмесіне сай, ешқандай да оқу бағасы көтерілмейтінін мәлімдейміз. Яғни, баға былтырғы деңгейде қалады. Осы нұсқауды универсиеттердің бәрі қабылдады. Жекелеген университеттерде мемлекеттегі белгіленген инфляция деңгейіне байланысты дифференциация болды. Бірақ ол белгіленген инфляция деңгейінен асқан жоқ. Мұның бәрі бір күнде шешіле салатын мәселе емес. Жалпы кез келген университетте оқу ақысының көтерілуі немесе төмендеуі директорлар кеңесінің шемімімен, құрылтайшылардың шешімімен ғана іске асады. Сондай-ақ, ол бойынша бір ай немесе бір күнде емес, бірнеше айда шешім шығады. Себебі олар нарықтағы жағдайды, студенттердің төлем қабілетін, университеттің даму стратегиясын елеп-ескере отырып шешім қабылдауы керек», деп түсіндірді ведомство өкілі.

Оның айтуынша, баға саясаты ерте көктемде немесе жылдың басында қабылданған шешімдер бойынша айқындалады.

«Шілде айында министр Саясат Нұрбек оқу ақысы көтерілмейтіні туралы мәлімдеме жасаған еді. Ол мәлімдеме тиісті универсиеттердің бәріне нақты тапсырма, нұсқау ретінде айтылды. Сол кезден бері ешқандай универсиетте оқу бағасы өскен жоқ. Сіздер сұрап отырған университеттердің бәрінде жылдың басында баға дифференциациясы болған. Университет өздігінен бір күнде бағаны өзгерту туралы шешім қабылдай сала алмайды. Себебі ол студент пен білім беретін мекеме арасында келісімшарт жасалады. Одан кейін баға дифференциациясы былтыры түскен немесе алдыңғы жылы түскен студенттерге ғана байланысты болуы мүмкін. Келісімшартты қарасаңыздар, көбінде оқу жылы біткеннен кейін келесі оқу үрдісі басталмас бұрын мемлекеттегі инфляция деңгейінде баға дифференциациясы болуы мүмкін деген тармақ болады. Тікелей министрліктің қарауындағы универсиеттерде, соның ішінде ұлттық университеттерде баға саясаты өзгерген жоқ. Ал жекелеген университеттер баға саясатын нарықтағы жағдайға сәйкес ұлғайтып берсе, оны директорлар кеңесінің шешімімен қайта қарауға мүмкіндік бар екенін айтқым келеді», деді Ержан Әмірбекұлы.



Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға