Жаңалықтар

Ұлттық кітапханада Қазақстанның Өзбекстандағы Жылына арналған кітап көрмесі өтуде

Ұлттық кітапханада Қазақстанның Өзбекстандағы Жылына арналған кітап көрмесі өтуде
21.01.2019 11:26 4212

«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының Депозитарийі жанынан Өзбекстандағы Қазақстан жылына байланысты, «Ұлы даласы бар халық-татулы. Сплоченный народ Великой степи» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Қазақстан мен Өзбекстан - ортақ тарихы мен мәдени тамырластығы бар, әрқайсысында этникалық өкілдер өмір сүретін Орталық Азиядағы ең ірі елдер.                 

Бүгінгі Қазақстан аумағы Орталық Азиядағы исламның бесігі болып саналады. Ежелгі заманнан бері екі бауырлас халықтардың ұлы рухани мұрасы олардың қандас бауырластығы, біріңғай аумағы, тарихы, тілі және салт-дәстүрімен біте қайнасқан.                    

Мемлекет басшысының 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылын өткізу туралы шешімі екі ел арасындағы достық қарым-қатынастар арқылы қол жеткізілетін сенім мен әріптестіктің жоғары деңгейінің айқын дәлелі. Осы бастамалар шеңберінде өткізілетін барлық іс-шаралар екі бауырлас халықтар арасындағы жақындасу және олардың достығын одан әрі тереңдету  болып табылады.

 

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап қорынан қазақ және өзбек халықтарының мәдениеті мен өнері, тарихы, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары бойынша материалдар, өзбек авторларының қазақ және орыс тілдеріндегі шығармалары ұсынылды.

Көрме жыл соңына дейін жұмыс істейді

nlrk.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға