Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күнінде «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы өтті

Ұлттық домбыра күнінде «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы өтті
03.07.2018 11:16 2541

Ерте ғасырдан бастап қазақтар үшін домбыра тек қана музыкалық аспап қана емес, сонымен қатар өмірлерінің, бостандықтың, отансүйгіштігінің нышаны. Домбыраның әсем әуенінен әркім өзіне айрықша әуенді – сәбидің алғашқы күлкісін, желдің лебін, дала шөбінің сыбдырын, аттың дүбірін, құстардың әнін, ананың жылы сөзін естиді.

Домбыра – бұл қазақтың  виртуозды философиялық аспабы, өнерлі адамның қолында адамның сезімі мен толғанысының барлық гаммасын жеткізе алады. Домбырада барлық сүйіспеншілік, өмір, қазақтың  тәуелсіздік пен егемендік үшін күрескен қиын жылдардағы еркіндікке деген арманы байқалады.

Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасы бойынша шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды.

2018 жылғы 1 шілдеде Солтүстік Қазақстандағы Қазақстан халқы Ассамблеясымен  облыстық перинаталдық орталықта  «Бабалардың көзіндей қасиетті Домбыра» акциясы ұйымдастырылды.

Алғашқы дүние есігін ашқан сәбиге Қазақстан халқы Ассамблеясының логотипімен домбыра сыйға тартылды. Жас ана Данагүл Қалиеваны және оның жаңа туған сәбиін «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы» ҚБ төрағасы Жанкелді Тәжин, «Түрік мәдениеті» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Диляра Хасанова  және «Кенторн» армян мәдени орталығы төрағасының орынбасары Светлана Малхасян құттықтады.

Өз кезегінде сөз алған жас ана жиналғандарға алғысын білдіріп, осындай атаулы күні дүниеге келген сәби үшін бұл күн жарық жұлдыз ретінде жол көрсететіндігін атап өтті.

Бүгін әрбір қазақстандық туғаннан бастап музыкалық аспап –домбыраның сиқырлы күшін біледі. Ол өзінің таңғажайып әлеміне тек қана қазақ этносын ғана  баурап алып қоймай, басқа халықтарды да тарта біледі, себебі тек қана музыкада ғана  адами жылу, бейбітшілік, өзара түсіністік бар, ал бұлар Қазақстанда өте жоғары бағаға ие.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға