Жаңалықтар

Ұлттық домбыра күні дүниеге келген Ақтаулық сәбилерге домбыра сыйға берілді

Ұлттық домбыра күні дүниеге келген Ақтаулық сәбилерге домбыра сыйға берілді
02.07.2018 01:03 1870

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілде айының алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күні ретінде белгіленді.

Осы орайда Маңғыстау  облысы  Қазақстан халқы Ассамблеясы,  «Қоғамдық келісім»  КММ    Ақтау қалалық перинаталдық орталығына  жаңа туған сәбилерді Ұлттық домбыра күнімен  құттықтап барды. Аталмыш шараға этномәдени бірлестік өкілдері, «Шалом» еврей этномәдени бірлестігінің төрағасы Юрий Кержбаум, «Ақтау ұйғырлары» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Әділжан Әлімжанов және  «Қоғамдық келісім» КММ  қызметкерлері мен  БАҚ өкілдері  қатысты.

Шараның негізгі мақсаты: қазақтың киелі, құнды, асыл қазынасы, ұлттық аспабы домбыраны өскелең ұрпаққа  жеткізу, насихаттау, дәріптеу.              

Шара барысында жаңа туған сәбилерді мерекемен құттықтап, қазақтың ұлттық аспабы қасиетті домбыра тарту етілді  және  арнайы құттықтау дипломы мен сәбилердің  анасына  гүл  шоқтары табысталды.   

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға