Жаңалықтар

Ұлттық теңге – мемлекет келбеті

ҚР Ұлттық музейі
16.11.2016 10:09 7395

Ұлттық музейде «Ұлттық теңге – мемлекет келбеті» атты дөңгелек үстел өтті.

 Ұлттық теңге – мемлекет келбеті

Аталған дөңгелек үстел қазақ халқының төл теңгесінің айналымға енуі мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлттық валюта жасаудағы тарихи шешімі жайында болды.

 Ұлттық теңге – мемлекет келбеті

Өмірбек Байгелді, мемлекет және қоғам қайраткері:

— Әр мемлекеттің өзіне ғана тән рәміздері болады. Туы, елтаңбасы, әнұраны мен астанасы. Және осылардың ішіндегі тағы бірі ол – ұлттық вальютасы. Біздің «Теңгеміз» Қазақстан Республикасының реміздерінің бірі. Мемлекеттің және әр азаматтың қалтасында жүретін жеке куәлігі десек артық айтқанымыз емес.   

 Ұлттық теңге – мемлекет келбеті

Дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді, ҚР Дипломатиясына еңбегі сіңген қайраткер Сайлау Батыршаұлы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессорлары Мырзагелді Кемел, Мақыш Серік, Дәуренбек Мажитов және қаржы мамандары, студенттер, магистранттар қатысты.

 Ұлттық теңге – мемлекет келбеті

Дөңгелек үстелде теңгенің қалай және қашан пайда болғаны, Ұлттық валютаны енгізу туралы шыққан жарлық, теңгенің қолданыстағы маңызы сынды мәселелер талқыланды. Осы тұрғыда ҚР Ұлттық мұражайының директоры Дархан Мыңбай қонақтарды ұлттық вальюта күнімен құттықтап, «Теңге» жайында көптеген қызықты деректер келтірді.

 Ұлттық теңге – мемлекет келбеті

Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық музейінің директоры:

— Өздеріңізге белгілі, бүгінгі ұлттық вальютамыздың күніне орай мерейтойлық монеталар мен Елбасымыздың суреті басылған 10000 теңгелік купюра шығып, жер-жерде, ел-елде осы мерекеге байланысты көптеген іс-шаралар өтіп жатыр. Мұның өзі біздің тәуелсіз, дербес ел екеніміздің үлкен айғағы.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – дербестігімізді айғақтайтын ұлттық вальютамыздың қандай қиыншылықпен, еңбекпен келгеннін жастар санасына сіңіру мен тәуелсіз елдің әрбір азаматының қалтасында жүрген төлқұжаты теңгеміздің қасиетін ұғындыру екеніне ұйымдастырушылар ерекше тоқталып өтті.


Алмас САУДАМБАЙ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға