Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы басшысының жаңа орынбасары тағайындалды

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі жаңа қызметке тағайындалды
Ұлттық статистика бюросы басшысының жаңа орынбасары тағайындалды
Фото: ашық дереккөз 01.07.2022 16:10 1874

Мақсат Тұрлыбаев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды El.kz агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрлыбаев Мақсат Қайратұлы 1987 жылы туған.

Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын «Экономика»  мамандығы бойынша бітірген, Сеул ұлттық университетінде мемлекеттік басқару магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің сарапшысы қызметінен бастады.

2010-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің бас сарапшысы, басқарма басшысы.

2016-2020 жж. – Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

2020-2021 жж. – Павлодар облысы қаржы басқармасының басшысы.

2021 жылдан осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы Хатшылығының инспекторы қызметін атқарды.

Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған (2019 ж.).

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға