Ұлттық рейтингіде Еуразия ұлттық университеті топ жарды
Бүгін, ағымдағы жылдың 9 шілдесінде «Казахстанская правда» газетінде Білім сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз Қазақстан агенттігімен (БСҚТҚА) құрастырылған Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының сегізінші ұлттық рейтингісі жарияланды.Ұлттық рейтингіге еліміздің 57 ЖОО ұсынылып, жалпы барлығы 50 жоғары оқу орны қатысты.
Үздік бес ЖОО арасында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің алдын орап, көш бастады. Сонымен қатар тізімде М.Әуезов атындағы Оңтсүтік Қазақстан мемлекеттік университеті, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті көш бастап келеді.
БСҚТҚА президенті Шолпан Қаланова атап өткендей, ЖОО рейтингісі «жоғары білім беру сапасын арттыру құралы, бұл ЖОО қызметінің тиімділігін салыстырудың белгілі бір тетігі» болып табылады.
Рейтингтер ең алдымен қоғам үшін маңызды әрі қызықты: мектеп түлектері ретінде және жұмыс берушілер ретінде таңдауда бағыт-бағдар береді. Мұнымен қоса, ЖОО арасында шығармашылық бәсекелестікті дамытып қана қоймай, білім беру үдерісіндегі кемшіліктер мен олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар БСҚТҚА президенті жауапкершілікті тілге тиек етті: «рейтинг көрінісін – білім беру ордалары қызметінің айқындығы үшін оқу мекемелері дамуының бір бөлігі ретінде қарастырған жөн және есеп беруге міндетті әрі уақыт талабына сай салыстырмалы түрде айқындалатындығын ұмытпау қажет».
ЖОО-лар өздерінің 2012-2014 жылдардағы қызметтерінің өкілі.
Көрсеткіштер студенттердің сапалы құрамын анықтады. Ол мынандай өлшемдерден тұрды: күндізгі бөлімде оқитын студенттердің үлесі, білім беру тапсырысы негізінде оқитын студенттердің үлесі, магистранттар мен Ph'D докторанттар саны, білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейі, халықаралық және республикалық деңгейдегі жетістіктері, сайттың толтырылуы. Бұл ретте әлемнің 2 000 ЖОО қатарынан көрінген, үш жыл бойы қазақстандық ЖОО-лар арасында тұрақты түрде көш бастап келе жатқан Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін атауға болады.
Ш.Қаланованың айтуынша, «Сауалнамаға барлығы 400-ден астам сарапшы қатысты. Жұмыс берушілердің сауалнамасына орталық және облыстық атқарушы мемлекеттік органдар атсалысты. Ең белсенді қатысушылар ретінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Әділет министрлігі, Инвестиция және даму министрлігі, Ұлттық компаниялар болды».
Еліміздің алғашқы «техникалық ЖОО-сы» болып Қазақ-британ техникалық университеті белгіленді.
Дәрия Жұмалиева