Ұлттық музейде сурет байқауы өтті (ФОТО)
Тәуілсіздікке - 25 жылҚазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Тәуілсіздіктің 25-жылдығына орай ұйымдастырылған Астана қаласындағы мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстарынан құралған «Тәуелсіздік – таң нұры» атты мектепаралық сурет байқауының көрмесі ашылды.
Аталған шараға Астанадағы 20-ға жуық мектептің шәкірттері қатысты. Көрмеге оқушылардың ең үздік 50 жұмысы қойылған. Оның ішінде – графика, кескіндеме, сәндік қолданбалы өнер, мүсін және фотоколлаж бар.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар марапатталды. «Шеберлікпен өрілген» номинациясын №50 мектеп оқушысы Жүніс Толғанай, «Үздік композициялық ізденіс» номинациясын №6 мектеп оқушысы Сергиенко Мария, «Орындау шеберлігі үшін» номинациясын №61 мектеп оқушысы Баедилова Лаура, «Үздік тақырыттық жоба» номинациясын №36 мектеп оқушысы Сухаева Анель иеленді. Жүлделі ІІІ орынды №50 мектеп оқушысы Сайдумаров Абылай, ІІ орынды №2 мектеп оқушысы Ильина Надежда, І орынды №52 мектептің оқушылары Қайратқызы Айдидар мен Қайратқызы Айдина жеңіп алды. Сонымен қатар жас жеткіншектерді өнерге баулыған ұстаздар қауымы да ұйымдастырушылардың алғыс хатына ие болды.
Көрменің мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырып, олардың Отанға деген сүйіспеншілігі мен Қазақстанның тарихына және мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ, жас жеткіншектердің жеке шығармашылығын дамыту әрі кеңінен насихаттау.
Шараны ҚР Ұлттық музейінің музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру жұмысы секторы ұйымдастырды.
Алмас САУДАМБАЙ
