Жаңалықтар

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Даму» Қорының филиалында болды

Бүгінде кәсіпкерлерден барлық өтінімдер egov.kz және online.damu порталдарында онлайн режимде қабылданады
Ұлттық  экономика министрі Әлібек Қуантыров «Даму» Қорының филиалында болды
Фото: gov.kz 02.07.2022 12:25 2137

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Даму» Қорының филиалында болды, — деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді.
Кездесу барысында «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы, оның ішінде қызметтерді автоматтандыру, ішкі бизнес-процестерді цифрландыру жайында баяндады.
Бүгінгі күні кәсіпкерлерден барлық өтінімдер egov.kz және online.damu порталдарында онлайн режимде қабылданады.
Сондай-ақ Гаухар Бурибаева Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік бағдарламалардың өткен екі жылдағы жүзеге асырылу қорытындысы туралы айтып берді.
Мәселен, 2020-2021 жылдар аралығында несие сомасы 71,9 млрд теңге болатын 1816 жоба кепілдік алды, жалпы сомасы 400,1 млрд теңгеге 3964 жоба субсидияланды, несие сомасы 31,7 млрд теңге болатын 669 жоба жеңіл қаржы алды.
Кездесу қорытындысы бойынша ҰЭМ басшысы «Даму» қоры елдегі кәсіпкерлікті дамытуға және қолдауға, экономикалық микроклиматты жақсартуға және отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға