Жаңалықтар

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің нығаю себебін түсіндірді
Фото: baq.kz 14.06.2022 11:46 1587

Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді деп хабарлайды El.kz порталы Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық банк төрағасы қаржы нарығындағы белгісіздік пен тұрақсыздыққа қарамастан теңгенің нығаюына не әсер еткенін түсіндіріп өтті. 

Мамырда жаһандық қаржы нарығындағы белгісіздік пен құбылмалылыққа қарамастан теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 415,16 теңгеге дейін немесе 6,8%-ға нығайды. Ұлттық валютаның нығаюы мұнай-газ  нарығындағы жоғары баға мен экспорттаушылардың салық төлемдеріне, жеке тұлғалардың шетел валютасына сұранысы төмендегендіктен нарық қатысушылары сентиментінің өзгеруіне, Ресей рублі бағамының өсуіне байланысты, - деді Ғалымжан Пірматов. 

Сондай-ақ валюта нарығындағы ұсыныс квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімін сатуы есебінен қосымша қолдау тапқан. 

Оның көлемі мамырда шамамен 598 млн доллар болған. Бюджетке ірі салық төлемдері кезеңі мен валютаны сатудың тиісті қажеттілігі аясында шетел валютасының ұсынысы сұраныстан асып түсті. Салық аптасы кезеңінде өтімділікті қолдау және шетел валютасының сұранысы мен ұсынысы арасында қалыптасқан теңгерімсіздікті реттеу мақсатында Ұлттық банк 110,5 млн долларға шетел валютасының артық ұсынысын сатып алды, - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға