Жаңалықтар

Ұлттық құрылтай қазақстандық қоғамды бір арнада ұйыстырады – сарапшы

Ұлттық құрылтай қазақстандық қоғамды бір арнада ұйыстырады – сарапшы
15.06.2022 15:08 1639

Ел президенті биыл наурыздағы жолдауында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтай құруды ұсынды. Міне, осылайша үш жыл өз міндетін атқарған Сенім кеңесі таратылып, орнын Ұлттық құрылтай басты. Елімізге қандай септігі тимек, маңыздылығы неде деген сауалдарды сарапшылардан сұрап білдік.

– Мен өз басым Ұлттық сенім кеңесінің мүшесі болдым,  - дейді Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры Марат Башимов. – Осы уақытта Сенім кеңесі конституциялық құқық төңірегінде ұшан теңіз шаруа атқарды. Ал енді қазіргі геосаяси ахуал ушығып тұрғанда, Ұлттық құрылтай қазақстандық қоғамды бір арнада ұйыстырады. Әрі ұстанымы, арман-мұраты да  бір елдің векторына айналады деген сенім бар. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға