Ұлттар достығы — басты байлығымыз
Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр.
Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, Елбасымыздың өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi.
Қазақбай ҚАСЫМОВ, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, «Ахыска» түрік мәдени орталығының төрағасы:
— Еркiндiк бiздiң диоспораға да берiлiп отыр. Әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрiмiздi және тарихымызды дамытуға, зерттеуге толық мүмкiндiк жасалған. Жексенбiлiк мектептер ашып, ана тiлiмiздi оқытып жүрмiз. Ең бастысы осы мектептердегi оқу мемлекет тарапынан қаржыландырылған. Осы орайда айта кетейiн, бiздер, Қазақстанда мекендеген өзге ұлт өкiлдерi қазақтың тiлiн мiндеттi түрде бiлуiмiз керек. Ол мiндет қана емес, тарихи парыз да. Мен бұл туралы үнемi айтып та, жазып та жүрмiн. Халықаралық «Қазақ тiлi» қоғамының мүшесiмiн. Қиын-қыстау шақтарда басымызға пана болған, халқымызға сая болған қазақ халқының тiлiн бiлу оған деген шексiз құрметiмiздiң бiр белгiсi болса керек. Отбасымда қазақтың ұлттық тағамдарын пайдаланамын. Жан-жарым молдаван қызы Валентина қазақ тағамдарына әбден машықтанған. Үйге қонақ келсе де, жеке өзiмiз болсақ та қазы-қартасын ортаға қойып, қазақтың дастарханын жайып тастайды. Қазақ халқына деген бұл да бiр құрмет емес пе? Менiң есiмiмдi Қазақбай деп қойғанда ата-атамның көңiлiнде де осы халыққа деген бiр мейірiмдiлiк тұрған болуы керек.
Тəуелсіздік жолымен ілгері басқан еліміздің халықтары барлық істе үлкен ұйымшылдық көрсетті. Олар өздерінің көкейкесті өмірлік маңызы бар мəсе лелерін Ассамблея сессияларында еркін, кең талдау жағдайында шешуге қол жеткізді. Өзінің он жылда қоғам өмірінің маңызды əлеуметтік-саяси мəселелерін талқылады. Бүгінде елімізде 500-ге тарта ұлттық-мəдени орталық бар. Олар көпұлтты халқымыздың саяси сана-сезімін байыту, ұлттар мен ұлыстардың өзара бірлігін күшейту, ұлттық салт-дəстүрлерді дамыту жолында халықтар сеніміне ие болды. Бұл – жүйелі, жемісті саясат болғанын өмір өзі дəлелдеді. Қазақстанды Отаным дейтін көкіре гінде сəуле бар адамдардың бұған көзі толық жетті. Қазақстандағы ұлттық бірлік саясатының тұрақтанып, нəтижелі жұмыс істеуін толып жатқан халықаралық инсти туттар да мойындады. Қазақстан ұлтаралық қатынас саясатында əлемдік кеңістікте əрқашан өнеге тұтатын ел болып қала береді. Қазақстандық тəжірибе, яғни Қазақстан Халқы Ассамблеясы дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында жəне Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық жөніндегі ұйымда өзінің жоғары бағасын алды. Шынында да, бұл – əлемдік жұртшылықтың назарын аудартқан ерен құбылыс. Ассамблея Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар проблемасын тиімді шешуге зор ықпал жасап, еліміздің халықаралық беделін көтеруге үлес қосуда. Қазақстанда этносаяси, саяси, рухани жəне ұлттық саладағы жүргізілген реформалардың дұрыстығына əлем қызыға қарайды. Сол себепті, көрші республикалардың қоғам жəне мемлекет қайраткерлері ұлтаралық келісімді сақтауда жəне оны дамытуда Қазақстандық тəжірибені қолдануға көптеп қызығушылық танытуда.Осы Қазақстандық ұлтаралық қатынас үлгісін одан əрі дамыту жəне жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қыруар жұмыстар атқарылуда.