Жаңалықтар

LRT мен BRT Алматыда қашан салынады? Ерболат Досаев жауап берді

LRT мен BRT Алматыда қашан салынады? Ерболат Досаев жауап берді
Фото: © ОКҚ 21.12.2023 15:10 1668

ОК-да өткен баспасөз мәслихатында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев LRT бойынша бүгінгі таңда 26 шақырымды құрайтын жоба басталғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкім LRT-ны 2026 жылдың соңына қарай аяқтау жоспарда барын айтты.

Бұл қаланың батысы мен шығысын құрайды. Жүретін жолы – Төле би көшесі. Трамвай жатқан жолмен өтеді. Ал BRТ-ны желтоқсан мен Райымбек көшесіне дейін жеткіземіз. Райымбек көшесін 2 кезеңге бөлдік. Яғни, 9 бен 8 кшақырымдық BRT-ны 2024 жылдан 2025 жылға дейін салу жоспарда бар. BRT-ның құрылыс жұмысы келесі жылдың көктемінде басталады, – дейді Алматы қаласының әкімі.

Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі Ерболат Досаев көлік жүйесі тиімділігін арттыру үшін әкімдік Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында көзделген 5 жаңа полиорталығының дамуын ескеріп, қаланың көлік қаңқасын әзірлеп жатқанын айтты. Осының аясында Алматыда жаяу жүргіншіге қолжетімді жылдам қоғамдық көлік – метро, LRT және BRT болады. Бұл жолаушылардың қозғалыс жылдамдығын 20-30%-ға арттыруға мүмкіндік бермек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға