Лондондағы қазақстандық студенттер Наурыз мейрамына орай флешмоб өткізді
24.03.2016 09:10
3635
Флешмобты Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Иран, Ауғанстан және т.б елдерінің студенттері Наурыз мерекесі фестивалі аясында Лондондағы Университет Колледжінің (UCL) аумағында ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz.
Университеттің бас ғимаратының алдына жиналған қазақстандық 100-ден астам студент KZ жазуын жазып, Қазақстан халқын Наурыз мерекесімен құттықтады.
UCL-де оқитын қазақстандық студенттер Наурыз мерекесі фестивалін жыл сайын өткізеді. Шараның мақсаты – Ұлыбританияда Орталық Азия елдерінің мәдени құндылықтарын насихаттау.
Дәурен ОМАРОВ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Халықаралық бақылаушылардың сайлауға қатысты пікірлері