Жаңалықтар

Лондонда күзет жылқысы туристі тістеп алды

Лондонда күзет жылқысы туристі тістеп алды
Фото: Бейнежазбадан скриншот 23.07.2024 07:24 538

Лондонда Уайтхолл жанында Корольдік гвардияның жылқысымен фотоға түспекші болған туристі жануар тістеп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Оқиға видеоға кездейсоқ түсіп қалған. Ат саяхатшыға тарпа бас салғанда әйелдің жан даусы шығып, айқайлай жөнелгенін көруге болады. Жанында тұрғандар оның жарақатын тексеріп, алғашқы көмек көрсетуге тырысқан.

Ғимараттың қабырғасындағы: «Абайлаңыз! Жылқылар теуіп жіберуі немесе тістеп алуы мүмкін» деген жазбаға қарамастан туристер жануарға жақын тұрып, естелік фотоға түсуге әуес.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қанша тырысқанымызбен, жылқылар тістеп немесе теуіп жіберуі мүмкін. Халықты ескертулерімізге құлақ асуға шақырамыз, - деп Корольдік гвардия өкілдері қауіпсіздік сақтауға шықырып, мәлімдеме жасады.

Уайтхолл — 1530-1689 жылдар аралығында ағылшын монархтарының негізгі резиденциясы болған ғимарат. Оның жанында жазатайым оқиғалар жиі болып тұрады. TikTok әлеуметтік желісінде осыған ұқсас бірнеше видеоны көруге болады.

Бұл жылқылар — арнайы дайындықтан өткен жануарлар. Бірақ ұзақ уақыт бойы бір жерде тұруға мәжбүр болғандықтан күтпеген мінез-құлық танытуы мүмкін, - деп атап өтті жылқылардың мінез-құлқына маманданған сарапшы Сюзанна Роджерс. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға