Жаңалықтар

Лондон Олимпиадасындағы айтулы сөздер

Лондон Олимпиадасындағы айтулы сөздер.
16.10.2014 09:29 3240

Қазақстан Лондон олимпиадасында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде иеленіп, жалпы командалық есепте 12-орын алды. Олимпиада ойындарына әлемнің 204 елінен он мыңнан астам спортшы қатысты. Жарыс кезінде қауіпсіздікті 14 мың полицей, 17 мың әскери маман қадағалаған.
Ойындарда барлығы үш жүзден астам медаль жұбы сарапқа салынған. Олимпиада жүлдесін 85 елдің спортшылары иеленді.
Қазақстан 12-орын алып, Голландия, Украина, Куба, Иран, Чехия, Испания, Бразилия, Аргентина сияқты елдерді артқа тастады. ТМД елдері арасынан Қазақстан Ресейден кейінгі екінші орынды алды, Азия құрлығы бойынша Қытай, Оңтүстік Корея, Жапониядан кейінгі төртінші сатыдан көрінді.

Олимпиададан елдер жүлде алып қана қайтқан жоқ. Елдің езуіне күлкі сыйлайтын, ешкім күтпеген сөздерімен де есте қалады. Солардың бір парасын ұсынып отырмыз. Әрине, атағы жер жаратын, жүлдесі бәрінен көп спортшылардан бастасақ...

Лондон Олимпиадасындағы айтулы сөздер

 Усейн Болт, атақты желаяқ:

«Мен осы жетістіктерді бағындыру үшін келгенмін. Мен аңызға айналдым»

Натали Кук, Сидней Олимпиадасында жағажай волейболынан алтын жүлдеге қол жеткізген спортшы әурет жері көрініп қалғанда айтқаны:

«Әйелдің тәні – Құдайдың ең ұлы туындысы. Оған бәрі қарағысы келеді, әсіресе қимыл үстінде»

Джордан Барроуз, еркін күрестен АҚШ балуаны:

«Мен мына бозкілемге шыққан кез келген адамды жығуға дайынмын. Тіпті, ағылшын ханшайымы бозкілемге шықса да, алып ұруға дайынмын»

Елена Исинбаева, сырықпен секіруден үшінші орын алып қалған кезде айтқаны:

«Бәрібір менің рекордымды ешкім жаңарта алмайды. Мен мәңгілік биіктікті бағындырған адаммын. Оны жаңартатын адам он жылдан кейін туар бәлкім. Мұндай биіктікті қалыпқа сыймайтын адамдар ғана бағындырады. Ал, мен сондаймын»

Эрик Баррондо, күміс жүлде алған Гватемала спортшысы:

«Менің осы жетістігімнен кейін Гватемаладағы біраз жігіт қолындағы тапаншасы мен пышағын тастап, бапкер іздер деген ойдамын»

Е Шивэнь, 400 метрге кешенді жарыста Райан Лохтенің өзінен жылдам келген Қытайдың «балық қызы»:

«Мен бұл жетістікке қажырлы еңбек пен тыңғылықты дайындықтың арқасында қол жеткіздім. Ешқандай  допинг қолданғаным жоқ. Қытайлар өте әділетті халық»

Егор Мехонцев, жартылай финалда бразилиялыққа ұтылып қалған куба боксшысы Хулио ла Крусе Перас жайында:

«Мен бүкіл Әлем алдында оның мұрнын бет қылам деп достарыма, жақындарыма уәде еткен едім. Бірақ, Құдай екеуміздің жолымызды Олимпиадада түйәстірмеді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға