Лоббизм ұғымының ерекшеліктері
Лоббизм – заңдарды қабылдау, мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде ірі монополиялардың мүддесіне бола заң шығарушылар мен мемлекеттік шенеуніктерге ықпал ететін заң шығарушы органдардың жанындағы осы монополиялардың кеңселері мен агенттіктері жүйесі.
Лоббизм – жеке тұлғалардың, саяси субъектілер мен ұйымдардың белгілі бір заң жобаларына, қабылданатын шешімдерге ықпал ету мақсатында жасайтын іс-әрекетін білдіретін ұғым.
Лобби ұғымы алғаш рет 1808 жылы АҚШ Конгресінің хаттамаларында пайда болды. Лоббиді АҚШ саясаттанушылары «Конгрестің үшінші палатасы», «үкіметтің төртінші билігі» деп сипаттады. 1864 жылы лоббистік іс-әрекет арқылы АҚШ Конгресіне қажетті шешім қабылдату мақсатымен сенаторлар дауысын ақшаға сатып алу орын алды. Кейін заңсыз лоббизмнің таралуына орай оны заңдастыру міндеті қойылды.
1946 жылдан АҚШ-та лоббилік әрекеттер заңға сәйкес деп танылып, қаржылық қадағалауға алынды. Лоббилік әрекеттер мемлекет бюджетті бөлу, қаржыландыру, әр түрлі жеңілдіктерді талап етуге бағытталады. Ірілі-ұсақ
өндірістік-қаржылық топтар әкімшілік саяси және қаржы технологияларын кеңінен пайдалана отырып, өз мүдделерін лоббистік топтар арқылы қорғай алады.
Лоббистік қызметке саяси және қаржылық технологияларына орай мемлекет билік органдарына ақпарат, құжаттар мен жобалар ұсынуы; парламент комитеттері мен комиссияларының, атқарушы билік органдарының мәселелерді
талқылауына қатысуы; белгілі бір адамның мақсат-мүдделерін қорғау мақсатында депутаттармен және мемлекет билік органдарының лауазымды тұлғаларымен ауызша және жазбаша байланыстары, т.б. жатады.
Лоббистік ұйымдарға көптеген заңдық-құқықтық фирмалар, әр түрлі кеңесші кеңселер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі агенттіктер жатады. Қазіргі кезде лоббизм мемлекет билік органдарына ықпал етудің күшті механизміне, саяси жүйенің бейресми институтына айналып отыр.
Лоббизм – (ағылшын тілінде «lobby» – мәжілістен тыс жерлердегі күңкіл сөздер) – билік институттары ресми қызметінен тысқары жүзеге асырылатын, ықпалды іскерлер мен саясаткерлердің – лоббистердің – нақтылы бір топтардың мүдделерін қорғайтын заң жобасын жақтап, талап етілетін үкімет шешімін қабылдауға немесе өздеріне пайдалы мемлекеттік тапсырысты алу үшін талаптануы. Осы мақсатпен жеке кездесулер, байланыстар, келіссөздер
ұйымдастырылады, ғылыми зерттеулердің нәтижесі баяндалған, қоғамдық пікірді зерттеу қорытындылары көрсетілген хат және телеграммалар табысталады. Әдетте, лоббистер өз мақсаттарына жету жолында ештеңеден тайынбайды: «ауыз бастырық», пара беру, қызмет көрсету, қоқан-лоқы жасау, арандату және т.б. әрекеттерге дейін барады.
Лоббизм АҚШ саяси өміріне анағұрлым жақын. Алайда, мұнда лоббизм – тек мәжілістен тыс жерлерде уағдаласу (ол да кеңінен таралған) ғана емес, сонымен қатар, заң жобаларын, биліктік-нұсқаулық актілерді сарапшылар, кеңесшілер ретінде дайындап, қабылдауға қатысудан көрініс табады.
Лоббизмді заңды және заңсыз деп бөлуге болады. Екеуінің аражігін ажырату қиынға соғатындықтан, оған саяси құбылыс ретінде қарау да біржақты емес. Лоббизмге екі тәсіл қолдану қалыптасқан: тыйым салушы және құқықтық- реттеушілік.
Бірінші тәсілді жақтаушылар лоббизмді қылмыстық әрекетпен теңестіреді және осы негізде заңнамалық санкциялар енгізу арқылы оны жоюға талпынады.
Екінші тәсілдің жақтаушылары лоббистік белсенділікті құқықтық шеңбермен шектеуді ұсынады. Мысалы, Францияда лоббистік әрекет заңсыз болып танылса, Үндістанда сыбайлас жемқорлыққа теңдестірілген, АҚШ пен Канадада заңмен реттеледі.
Парламент депутаттарына, үкімет мүшелеріне әлдебір не басқа әлеуметтік немесе саяси күштердің пайдасы үшін әлдебір не басқа шешімдердің пайдасына
(ресми емес кездесулер, пікір алмасулар, құлағдар қоғамдық аялардағы ресми емес әңгімелер мәжіліс залынан тыс жерде) ұйымдастырылған қысым көрсетулер тобы. Кәсіподақтардың, соғысқа қарсы қозғалыстардың, кәсіпорын
директорларының, экономиканың аграрлық секторы өкілдерінің және т.б. парламентте өз лоббилары болуы мүмкін; осы топтардың агенттері – лоббистер.
Жергілікті жердегі лобби қызметі. Тәжірибелі лоббишілер сол елдің бас қаласындағы және облыс орталығындағы халықты жұмылдыру үшін әлеуметтік мазмұндағы жарнамалар жасағандай әдістерді қолданады. Мақсат - халық пікірін қажетті тарапқа бағыттау, сайлаушыларды жұмылдыру, биліктің кәсіпорындары мен заң шығарушыларға қысымды арттыру. Негізінде жұртшылыққа сүйенетін лоббишілік тікелей лоббишіліктің жақсы жақтарымен саяси әрекеттердің күштерін бip-бipiнe байланыстыра жұмыс істейді.
Жұ
Ең оқылымды