Жаңалықтар

Әлкей Марғұлан туралы Рақымжан атаның естелігі

Әлкей Марғұлан туралы Рақымжан атаның естелігі
27.08.2021 16:32 8488

Ұлытау – қазақ сахарасындағы қасиетті мекендердің бірі. Отандық тарихшылар тарапынан «Көшпелілер өркениетінің алтын бесігі» деген бағаға ие болуы да тегін емес. Шынында да, Ұлытау өңірінде қазақ тарихының барлық кезеңдері, сонау көне дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарих куәлары аяқ аттап басқан сайын «мен мұндалап» тұрады. Әсіресе, көне дәуір мен ортағасырлар тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштер барша тарихшы ғалымдардын назарынан тыс қалған емес. Елімізге танымал сындарлы тұлғалар академик Қаныш Сәтпаев, тарихшы-археолог Әлкей Марғұлан есімдері де Ұлытау өңірімен тығыз байланысты.

Әлкей Марғұлан туралы Рақымжан атаның естелігі

«Халық, адам өзінін өткенін ұмытпасын, ел санасындағы естеліктер өшпесін» дейді халық даналығы. Назарларыңызға «Ұлытау-Нұра өңірлерінің тарихи-мәдени ескерткіштері» атты еңбегіне сүйене отырып, тарихшы, археолог, этнограф әрі шығыстанушы Әлкей Марғұлан туралы естелікті ұсынып отырмыз.

«Бұл аталмыш өңірдің ғылыми тұрғыдан кешенді зерттеудің негізін қалаған академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан болды. 1946 жылдан бастап жүргізіле бастаған археологиялық-этнографиялық Экспедициялар барысында жүздеген тарихи ескерткіштер зерттелді. Көне тарихи мұралар мен қатар ғұлама ғалым халық арасында тарихи аңыздарды жиі сөз қылатын. Ел арасында тарихи ынтасы бардың барлығы дерлік осы тұлғаға жақын жүргенді мақтан тұтатын. Бірнеше мәрте Әлкей Марғұланмен жүздескен Малшыбай селосының тұрғыны Есмағанбетұлы Рақымжан ақсақал еді. Далалық этнографиялық экспедиция барысында осы кісімен бірнеше рет жүздесіп Әлекең туралы естелік жазып алынған еді»,- деп жазады автор естелігінде.

Алғашқы рет естелігінде осы өңірдің тарихи маңыздылығын сипаттай келе Рақымжан ата әңгімесін былай бастады: «Бұл жердің тарихы орта ғасырдан әрісі қола дәуірінен бергі жерде адам баласының болғандығын дәлелдейтін аңыз әңгімелер мен болжамдар халықтың ауыз әдебиеті мен қатар жүр».

Суды пайдаланған тоған тоспа арықтармен руда қазып алтын, мыс әртүрлі қола мыс алынған қазындылар. Қазақ аңыз-әңгімелері атадан балаға айтылып, әр уақытта естеліктерді қағаз жүзіне жазылса да, халықтың есіне сақталып, ізіп жоғалтпаған. Мысалы, Теректі әулие, әулие тал мен әулиенің мекені-тұрағы. Айдаһарлы-Құдайберді туралы үңгірлер жер-су аттары ізін жоғалтпаған!

Әлкей Марғұлан туралы Рақымжан атаның естелігі

Бұл жер Оғыз, Қыпшақ дәуірімен Алаша-хан, Жошы-хан, Домбауыл, Аяққамыр, Басқамыр қалашықтармен байланысты болған. Ал енді осы өңірдің тарихи мұрасының құпдылығы жөнінде Әлекең былай деп еді...

«Ескі қалалар қорғандар, ірі обалар кешендер адам қолымен жасалған бал-бал тастар, адам тастар мен тас бетіне салынған суреттер, адамның пайдаланған құрал сайман, қару-жарақтары осы өңірде көптеп кездеседі. Кезінде оқу жазуға пайдаланғаны ақиқат екені, осы сияқты ертеден келе жатқан жазу-сызуды, оқуды жарыққа шығарып, тілін тауып құрастырып, салыстырып үйлестірім, ғылымға мәдениетке пайдаланған ешкім жоқ. Осының бәрі келешекте ғылымға тарихқа өте қажет екенің естен шығармаған дүрыс. Бұл да археология-этнография мен қатар жүргізуді керек етеді. Бұл өзі ашылмай жатқан ғылымның бір саласы болатын. Бұл 1957 жыл болатын».

Әлкей Марғұланмен қарияның екінші кездесуі 1968 жыл. Рақымжан ақсақал қолында ескі аша тұяқ ұстап отырып, Әлкей Марғұланмен кездескенін естелігін былай жалғады «1968 жылы 8 айында құдық қазу бригадасы келді. Бұлақтың жоғарғы жағындағы шидің ішінен құдық қазып тұрғанда топырақпен бірге сүйек шықты, сарғайған жаңқаланып 2,2 метр тереңдіктен жаңағы сүйекпен бірге станоктың түзінің арасынан қарайған нәрсе шықты. Соны тауып алып тұрған жұмыскер орыс жігіті алып қарап маған берді. Қарасам сабы бар Аша тұяқ таңба болып шықты. Бұны жаңағы жұмыскерлер топырағын тазартып жуып маған барді. Мен жанымда тұрған Сәрсеннің баласы Әмірге және Сәрсеннің өзіне көрсеттім. Оларда қарап көріп жаңағы сүйекті мынау не қаратастан адам қолынан жасалған сабы тегістелген Аша тұяқ деген не деп сұрақ қойды? Мен білгенімше ол кісілерге мынау 2,5 -3.5 метрден шыққан адам сүйегі.

Мынау сол адаммен қойылған: ру басы (тайпаның) көсемнің сол уақыттағы пышақ ретінде пайдаланған белгі мөр депті. Бұл таңба 1968 жылдан бері Марғұлан Хақанұлы академик келсе сол менің жәшігімде жататын кісіге көрсетемін деп сақтап келдім. Ол кісі 1973 жылы Алғабас, Амангелді совхоздарын аралап келе жатып біздікіне келіп, мені сұрапты.

Осы жолы Теректі әулие, Ақмаядағы суреттерді аралап көргенде, сол сияқты ұрының сабындағы үңгір тас Сары таудағы, үңгір қос үй тас туралы неше түрлі қызықты тарихи әңгімелер айтты. Миф аңыздар болғанымен жетелей қуа келсең шындық сараланып шыға береді - деді. Мысалы, осы жоғарыдағы айтылып келе жатқан әңгімені ықыластанып тыңдап күнделігіңе кіргізіп жаз. Қолың тиген бос уақыттарыңда ауыл ақсақалдарымен әңгімелесіп сөз тартып пікірлесе бергенің дұрыс болады. Тіпті малшы бақташылармен енді тығыз байланыс жасап жүрсең, жер болып кеткен обалар, кешендер ертедегі қазынды кен алған жерлер туралы теріп жазып жүр. Үңгір тастар алғашқы адамдар тұрған орын. Бұлардың барлығы белгілі бір көл, бастау бұлақ өзендердің көлемінде кездесіп отырады.

Әлкей Марғұлан туралы Рақымжан атаның естелігі

Сол әңгімені бақыла, қай уақытта және кімге айтқанын сұрастыра жүріп анықтау керек. Адамзат пен жын перінің арасында Қубаспен кешірген деген оқуды, миф-аңызды білесің бе деді? Білмесең айтайын жол қысқарсын деді де, бұның өзі Алаша хан, Жошы хан Сырлы там, Келін тамға байланысты деп әңгімесін бастады.

Сонымен қоса осы Қаракеңгір өзенінің бойында қыш құмыра канал жүргізетін арналары трубалар сияқты құйып жасап шығаратын арнаулы орын бар деп,- Әлкей Марғұлан тапсырған болатын. Сол сияқты кірпіш құйған, әйнек пен сырды қорытқан жерді қарау керек. Сыртында 2 орын төбе бар, қара - деп бір тапсырма беріп қойды. Сол тұстарда осы араларда алтын қазған, мыс қазған, жез қазған орындары ұшырасады. Сонымен қатар ірі тайпалардың мекен-жайы ордасы болған жерлер мысалы: Қаракеңгір совхозының М1 фермасының Қалинин учаскесіндегі Түзеннің Ақсайының құйылысында Топырақ қорған (Ордабазар) хан ордасы болуы мүмкін. Тайпа иесімен әскерлер тұрған орын бар. Ұзыны 180-200 м, көлденең 10-80 м.

Сыртынан канал қазып өзеннен арық қазып, сумен қоршаған дуалдың төрт бұрышында арнаулы алаңдар және алты бөлмеде түратын жасаған әрқайсысы бөлек-бөлек негізгі шытып кіретін қақпасы жалғасқан. Ескі орын екі кісінің сиягын жобасы бар тастан қаланған. Аңдап назар салып қарасаңыз кезінде үлкен тарихи орын жай болғанды көрсетеді.

Ал, ақсақал, «Үйге келгенше қонақ ұялады, үйге қонақ келген соң үй иесі ұялады»- деген біздің қазақ халқында мақал бар еді. Сондықтан мен қарадай қысылып отырмын сіздің дәмге қарамай кетем дегеніңізге әлде манағы сөзім ойыңыздан кетпей отырма. Оны көңіліңізге алмаңыз дедім. Ой, Рахымжан, шырағым ай, осы 84 жасымның ішінде жақсы да – жаман да, аштықты да - тоқтықты да көрдім ғой. Мана айттық қой ол жігіт сондай деп несіне көңіл алайын сондай болса,- деді.

Ал жүрейік, күн болса асып кетті үлкен адамға жүріп тұру оңай емес қой. Сенің маған істеген жақсылығың Алладан қайтсын. Сол жерге тура бастап алып барып көрсетіп қайт деді. Сосын машинаға мініп Досмағанбеттің жартасына - Айранбайға, Сарыкеңгірге төніп тұрған түптегі үлкен тас – обаға алып бардым...

Машинадан түсіп жан-жағына қарап тұрып дал өзіңе бастап әкетіпсің. Әлі күнге кешегідей көңілімде сайрап тұрған атаңа мыңда бір рахмет. Қадамыңа нұр жаусын! - деп батасын берді.

Сосын обаға барып тастарды аударыстырып он шақты белгі салған көк тас алды. Жаңағы тастардың түсі-түрі бөлек, көкпеңбек. Сосын осыдан 1-2 км-дей жерде күннің батысында қазанды шұңқыр болуы керек деді. Ол анау қойпаудағы Таңның тұсындағы Ақ без шыққан жазықта дедім. Дұрыс айтасың, Таң мола бар тұғын. Соның ойында көп алыс емес манағы өткел бар ма,- деді.

Сырлытам туралы. 1966 жылы 28 маусым күні Әлекең келіп балалар есік алдында бір үлкен кісі сізді жолықсын деп шақырып тұр деген соң далаға шықсам бір кісі тұр екен. Сен Есмағанбет баласы Рахымжанбысың, мен Әлкей Марғұланмын деп қолын берді.

- Ал, Әлеке қонақ болыңыз мал соямын көрші қолаңды жинап әңгімелесеміз сізге айтарым да сұрарым да көп. Сіздің жұмыстарыңыз да бар шығар сонда да әңгімелесіп отырайық, - дедім."

Рақымжан далада машинада менің шоферім бар соны шақырып келіп қымыз ішіп дем алсын, деді. Сегіз орындықты су жаңа ГАЗ 67 машинасында жас жігіт отыр екен. Ал Рахымжан мен сені сырттай сұрап келіп отырмын. Ауыл ақсақалдарынан Рахымбеков Сахан оның баласы Көшірбаймен 2 күн бірге әңгімелескенде кейбір жайларды сұрағанымда сенің атыңды айтып осында Есмағанбет баласы Рахымжан деген жігіт бар сол біледі. Ескі құлақ әңгімелерді және естіп жүрген жұмысында жер жұмысымен айналысады. Екінші өзі ұста, әрі аңшы мерген жігіт. Қазіргі осы Машыбай селосында туып өскен деген соң келіп отырмын деді. Әлекей сіздей үлкен ғұлама адаммен сөйлесіп, тіл табысып кәдеңізге жарасам болды,- дедім.

Онда былай Рахымжан біз біраз шаруаны ашып әңгімелесетін болдық деді жымыйып күліп. Менің шаруам осыдан 7 км жердегі Сауқамыс қыстағында адамдарым бар. Жұмыскерлер және фотограф. Мұстафа сөйлескен өзімнің тәрбиемде жүргеп шәкіртім. 3-ші жұмыскер жігіті барлығы 20 шақты жазушым Рыспек совхоздың және 15 адам. Мен қазір қымыз ішіп, шай ішіп азырақ дем алып әңгімелесіп сосын бригадама барамын. Соятын малыңды соларға беріп, хабарласын олардың ішінде де кейбір жігіттер тамақ ішетін болсын.

Мына аржақтан келіп №1, 2, 3 тамдарын біз ашық қазып жатырмыз. Онан жергілікті жерден сенде қатысуың керек. Егерде жұмыстан босату керек десең совхоз директоры Ж. Мұхамбердиярға айтасың. Ал егер оңсыз да қатысып көріп, әңгімелесуге болады десең, сұрамай-ақ қойайын деді Жарайды Әлеке сұрамай-ақ қойыңыз, жай ескертіп айтсаңыз болды Мұхаңа дедім.

Әдекең мен Мұхамбердия Арғын оның ішінде Әлке-байдалы Олжабай батыр туралы не қызықты әңгімелер айтып, әңгімелесіп түннің бір уақытында 3-гің кезінде үйге келіп жатып, дем алды ертеңіне. Сағат 11-де аржақтағы Бұзық тамдағы Алашаханның келінінің сырлы тамын қазып жатқандарға барып, біраз болдым мені үйге әкеліп өзі Сарқамыстағы бригадалырына кетті.

Тамды Алашаханның тамындай салыпты, бірақ аумағы кішкентай екен. Бұнда сырлы кірпіштей оюлап салған не түрлі ою-өрнек кірпішті алып, сүрткен кезде айнаша жарқырайды көбісі көк түсті Алашаханның жоғарғы жағында бір қатар жүргізген көк түсті бояумен қалаған кірпіш сияқты бояумен, содан кейін көк түске бояған сияқты.

Әлекең: «Ал, Рахымжан мына бояумен әйнекті қырып мына әшекей ою-өрнектерді көрдің бе? Бұны ешқайдан әкелмеген осы арада қорытқан, сондықтан қолдарыңа іскек темір алыңдар;- деп 50 см темір берді, ұшы істік. Өзі бір шетка сосын шыны алды. Сосын жанындағы 100 метрдей жердегі жер арықтың жағасында келіп қарап тұрып, әне бір қарақошқыл жерге барайық деп 15 метрдей жерге келіп осы жерлердің астында болуы керек қортынды деп, айнала түртіп қарандар өзі және қарап тұрды. Көкпенбек әйнектің қортынды тшылағы, кей жерлерде кірпіштердің сынығы кездесті. Міне көрдіңдер ме жаңалық тапқандарыпды бұл ғылымға азда болса қосқан үлестерін - деп қоңыр даусымен шаптайытт қуанып жайнап күлгенде Әлекең ана жігіттерге бара беріндер лел, өзі қалып жанағы көк бозаң әйнектің шылағынан шынысына салып алды. Біз келіп сырлы тамды қазып жатқан жүмыскерлердің жұмысына қарап тұрдық. Істік темірмен шұқып кірпіштерді алып, оны алақанмен кейін лай шынмен тазартып бір бөлек шығарып жинады. Сол кірпіштердің ішінен 11 жәшік кірпішті бөлек алып қойды. Салуға қатысқан ру тайпалардың таңбасы деді Әлекең. ІІ - Әліп таңба (кыпшақ), ай таңба – арғын, Х- моңғол таңбасы. Мына тамды қалаған, салған ұста шебердің ру таңбасы деді. Ү- бақан таңба бағаналы найман таңбасы .

Жоғарыдағы ою-өрнек кірпіштен басқа таңбалар әрбір тайпа рудың және қозы лақтың тұяғынан таңбалы кіртітт құйылған кезде басып өткен және иттердің ізі және әрбір рудың сол тамды салуға қатысқан жігіт жұмыскерлердің саусағы қолының таңбасы бар кейбір саусақ қолдың таңбасы менің қолымның үлкендігіндей. Ал кейбір саусақ қолдың таңбасы өте ірі, әрбір саусақтың ұзындығы 20 см-дей еді. Менің екі саусағымның жуандығындай Әлекеңнің бұл қалай деп сұрағанымда ертедегідей адамдар бізден әлде қайда ірі болған және бұл тамды салғанда сол кездегі патша хан ел билеген адамдар жер - жерден өнерлі шеберлерді жинаған, сосын құлдардың күшін пайдаланған мындаған адамдар салған осы тамдарды -деді.

Міне біз жүздескен Рақымжан ақсақал өзінің ұлы ғалыммен кездесулерін бір дәптер естелік рстінде сақтап келді. Соңғы рет 2001 жылы ақсақалмен кездескенімізде; «Мен еңді келесі жылға дейін жетпеспін. Мынау менің Әлекең туралы естеліктерім еді деп бізге аманат ретінде тапсырып кетті. Міне бұл академик Әлкей Марғұланның халық арасындағы бір ғана мұрасы».

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға