Жаңалықтар

Лицей оқушылары газ бен түтіннің таралуы туралы хабарлама датчигін әзірледі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді
Лицей оқушылары газ бен түтіннің таралуы туралы хабарлама датчигін әзірледі
Фото: gov.kz 25.12.2022 12:40 1615

Талдықорған қаласы лицейінің оқушылары газ бен түтіннің таралуы туралы хабарлама датчигін әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Талдықорған қаласындағы №20 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары Ердос Есенталов пен Тимур Ким информатика пәнінің мұғалімі А.Т. Әбдікәрімованың жетекшілігімен «Дарын» РҒПО ұйымдастырған ғылыми жобалар конкурсына қатыса отырып, газ бен түтіннің барлық түрлерінің таралып кетуі туралы хабарламаның IoT-датчигін басқару жүйесін әзірледі және республикалық кезеңде конкурсқа қатысуды жалғастыру мүмкіндігіне ие болып облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанды.

Біз газдың ағуы және өрттің пайда болуы туралы хабарлаудың It-датчигін басқаруға арналған жүйені әзірледік. Бұл жүйе ауадағы кез-келген газ концентрациясының өзгеруіне жауап береді және газ концентрациясының жоғарылауы жағдайында сигналмен, сондай-ақ ұялы телефонға қауіп туралы хабарламамен хабарлайды. Қолданба көмегімен сонымен қатар бөлмедегі ылғалдылық пен температураны бақылауға болады. Біздің жұмысымыздың нәтижесін әр үйде қолдануға болады, сондай-ақ біздің сенсорды пайдалану оңай және ол қол жетімді баға саясаты болады, - деп атап өтті әзірлеушілер.

Айта кету керек, жоба тақырыбын таңдауға және оны одан әрі іске асыруға ағымдағы жылы Жетісу облысы ТЖД қызметкерлері №20 мамандандырылған лицейде өткізген «Улы газбен улану» профилактикалық дәрістерінің бірі әсер етті.

Өз кезегінде, Жетісу облысы ТЖД басшылығы Оқушылардың тапқырлығын жоғары бағалап, оларға алғыс хаттар табыс етті, сондай-ақ балаларға жобаны дамытуда табыс және жаңа жеңістер тіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға