Лицензиялық турнирде бір боксшы жеңіске жетіп, екеуі ұтылды

Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ
29.05.2024 21:14
1034
Таиланда бокстан өтіп жатқан әлемдік лицензиялық турнирде еліміздің ерлер құрамасының өкілі Мұхамедсабыр Базарбайұлы үшігші жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
63.5 келіде өнер көрсеткен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Италия боксшысы Жанлуиджи Малангадан 4:1 есебімен басым түсті.
Енді ол келесі жекпе жегінде кубалық Эрисланди Альвареспен ширек финалда сынға түседі. Аталған сын 31 мамыр күні өтеді.
Сондай-ақ, бүгін 66 келіде Наталья Богданова сербиялық қарсыласына жол берсе, 60 келіде Римма Волосенко үнді қызы Анкушита Бороға есе жіберді.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Астанада демалыс күндері бұқаралық велошеру өтеді