Лицензиялық Әлем кубогына қатысатын мергендер анықталды

11-20 сәуір аралығында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында нысана көздеуден лицензиялық Әлем кубогының кезеңі өтеді. Қазіргі таңда мергендер оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Латын Америкасындағы жарыста ел намысын 10 мерген қорғайды. Олар: Ислам Сатпаев, Елизавета Безрукова, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Шахторин, Константин Малиновский (винтовка);
Валерий Рахымжан, Эльдар Иманқұлов, Ирина Юнусметова, Руслан Юнусметов (тапанша);
Ұлттық құрама спортшылары қазір Шымкент қаласында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Рио-де-Жанейродағы кезеңде жүлде алған мергендер Париждегі ойындарға лицензия алады. Ал қалған жолдамалар мамырда Мюнхендегі Әлем кубогының кезеңінен соң олимпиадалық рейтинг қорытындысы бойынша таратылады.
