Жаңалықтар

Лифттегі оқиға: бес жасар баланың жағдайы белгілі болды

Лифттегі оқиға: бес жасар баланың жағдайы белгілі болды
Фото: видеодан алынған кадр 14.02.2025 13:40 614

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 2025 жылдың 11 ақпанында орын алған шабуыл салдарынан бес жасар бала бетінен жарақаттар алып, қазіргі уақытта №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау басқармасы антибактериалды терапия мен физиотерапия жалғасып жатқанын, ісінудің күшеймегенін және күнделікті таңу процедуралары жүргізілетінін хабарлады. Мамандардың айтуынша, бүлдіршіннің жағдайы оңалып келеді.

Айта кетейік, 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасааған еді. Тергеу барысында оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды. Құзырлы органдар тергеуді жалғастыруда. Мамандар ата-аналарға балалардың қауіпсіздігіне мұқият болып, бөгде адамдармен байланысы туралы алдын ала түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға